Аудан әкімінің санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері күніне орай құттықтауы

    Құрметті Атбасар ауданының санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері!

    Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Сіздердің еңбектеріңіз халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуде үлкен маңызға ие. Күн сайын адам денсаулығын қорғау жолында аянбай еңбек етіп, маңызды профилактикалық жұмыстар жүргізесіздер, санитариялық нормалардың сақталуын қадағалап, туындаған қауіп-қатерлерге жедел ден қоясыздар.

    Өз істеріңізге жауапкершілікпен қарап, кәсіби біліктіліктеріңізді, мұқияттылықтарыңызды және жұмыстарыңызға деген адалдықтарыңызды танытып жүргендеріңіз үшін алғысымды білдіремін.

    Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, еңбектеріңізге толағай табыс және жаңа жетістіктер тілеймін!

    Құрметпен Атбасар ауданының әкімі Кенеш Әлімжанов.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Атбасар ауданының әкімдігі" жаңалықтары