2026 жылғы 1 6 қазанда Қайназар ауылында жұмыстар жүргізіп жатқан мердігер мекеме өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және салу жұмыстарына байланысты зақымданған су құбыры желілерінің учаскелерін қалпына келтіру мәселелері талқыланды.
Қазіргі уақытта ауылда ауызсу қалыпты режимде берілуде. Дегенмен, жер қазу жұмыстары барысында жекелеген учаскелердегі магистральдық және абоненттік су құбырлары зақымданып, оларды қалпына келтіру қажеттілігі туындаған.
Мердігер мекемеге анықталған ақауларды жою және қажетті жөндеу жұмыстарын тұрақты суық түскенге дейін, яғни ауа райы қолайлы болып тұрған кезеңде аяқтау міндеті жүктелді.
Негізгі мақсат — қыс мезгілінде Қайназар ауылының тұрғындарын сенімді әрі үздіксіз ауызсумен қамтамасыз ету және ықтимал апаттық жағдайлардың алдын алу.









