1 / 3
Рахат ауылдық округінде жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр!
Күз – ауыл шаруашылығы маусымының қорытындысын шығаратын маңызды кезең. Рахат ауылдық округінің алқаптарында жүгері жинау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Әрбір мол өнімнің артында диқандардың маңдай тері, егістікке деген күтімі мен ауыл шаруашылығы техникасының тынымсыз еңбегі жатыр.
Барлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолайлы ауа райын, мол өнім мен берекелі еңбек тілейміз! Жүгері жинау науқаны сәтті аяқталып, еңбектеріңіз жемісті болсын!









