Рахат ауылдық округіне қарасты Азат ауылында ауызсу жүйесінің құрылысы бақылауда.
ТҮКШ және ТҮИ тарапынан жүзеге асырылып жатқан жоба аясында таудан тартылатын ұзындығы 7 шақырымдық су құбыры жүйесінің құрылыс барысымен танысып, мердігер мекеме өкілдерімен бірге атқарылып жатқан жұмыстарды тексердік.
Қазіргі таңда 4–5 шақырым аралығындағы бөлікте қазу жұмыстары аяқталған. Алдағы уақытта каптаж құрылысы мен су құбырының қалған 2–3 шақырымдық бөлігін тарту жоспарланған. Мердігер мекеме өкілдерінің мәліметінше, ауа райы қолайлығына байланысты құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіледі.
Жұмыс барысы пысықталып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді. Негізгі мақсат — құрылыс сапасын қамтамасыз етіп, жобаны белгіленген мерзімде аяқтау және Азат ауылының тұрғындарын сапалы ауызсумен қамту.








