ҚАЛАДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ДІНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    1 / 14
    Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті.
    Жиында 2026 жылдың 9 айында деструктивті діни ағымдар идеологиясына қарсы жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижелері, діни ағым жақтастарын оңалту, террористік тұрғыдан осал нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасында алдын алу шараларын жүргізу мәселелері қаралды. Сонымен қатар комиссия отырыстарында берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды.
    Отырыс қорытындысында қала әкімі жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізуді, деструктивті діни ағым жақтастарын оңалту шараларын күшейтуді, кәмелетке толмағандармен және олардың ата-аналарымен профилактикалық жұмысты жалғастыруды тапсырды. Сондай-ақ террористік тұрғыдан осал нысандардың қауіпсіздігін бақылауды күшейтіп, хаттамалық тапсырмалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары