Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді 21–23 қазан күндері көрме орталығында өтетін «Шымкент өнімдері – 2026» көрмесіне шақырамыз.
Көрмеде Шымкент қаласындағы жергілікті кәсіпорындардың өнімдері ұсынылады. Келушілер отандық өнімдермен танысып, өндірушілермен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алады.
Жергілікті өндірушілерді бірге қолдайық!
Өтетін орны: Шымкент қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 12, көрме орталығы.









