Агенттік басшысы ХВҚ басқарушы директоры Кристалина Георгиевамен кездесті

    13 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова бастаған делегациясы Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) және Дүниежүзілік банк Тобының Бангкоктағы (Таиланд) Жыл сайынғы кездесулеріне қатысуда.

    ХВҚбасқарушы директоры Кристалина Георгиевамен кездесу өтті. Тараптар Қазақстанның қаржы секторының ағымдағы жай-күйін, оны одан әрі дамыту перспективалары мен реформалау бағыттарын, қаржылық тұрақтылық пен екіжақты өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Агенттік Төрағасы Банктер туралы жаңа заңды әзірлеу аясында ХВҚ-ның сындарлы ынтымақтастығы мен техникалық көмегін атап өтті.

    Сонымен қатар Мәдина Әбілқасымова ХВҚбасқарушы директорының орынбасары Бо Лидің қатысуымен Кавказ және Орталық Азия елдерінің министрлері мен орталық банктері басшыларының кездесуіне қатысты. Тараптар өңірлік интеграция үшін орнықты қаржы секторының маңыздылығын, банктерді реттеуді жетілдіруді және озық қадағалау практикаларын енгізуді талқылады.

    Алматыда орналасқан Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия елдеріне арналған өңірлік техникалық көмек орталығымен (CCAMTAC) өзара іс-қимылға ерекшеназар аударылды.

    ХВҚ өкілдерімен кездесулер барысында капиталнарығында және сақтандыру секторында тәуекелге бағдарланған толыққанды қадағалауды енгізу мәселесі де қаралды. Тараптар секторларды реформалауға бағытталған капитал нарығы және сақтандыру туралы жаңа заңдарды әзірлеу кезіндегі одан әрі сараптамалық өзара іс-қимылды талқылады.

    Сыртқы коммуникациялар басқармасы

    press@finreg.kz

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі" жаңалықтары