Алматы қаласындақор биржалары арасындағы трансшекаралық өзара іс-қимылды дамытуға, инвесторлардың капитал нарықтарына қолжетімділігін кеңейтуге және халықаралық инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға арналған Tabadul Roadshow 2026халықаралық іс-шарасы өтті.
Іс- шараға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынханов қатысты. Іскерлік бағдарлама аясында ол реттеушілер мен инфрақұрылымдық ұйымдардың өзара іс-қимылы , сондай -ақ тиімді трансшекаралық сауда үшін жағдай жасау мәселелеріне арналған «Д амушы және шекаралық нарықтарға қол жеткізу: Tabadul сын- қатерлері мен рөлі» атты панельдік пікірталаста сөз сөйледі.
Сөз сөйлеу барысында Н. Тұрсынханов халықаралық инвесторлар үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге бағдарланған қазақстандық капитал нарығын дамытудың негізгі бағыттарын белгіледі. Атап айтқанда, ол корпоративтік облигациялар мен акцияларды қоса алғанда, б ағалы қағаздар нарығын дамыту, бағалы қағаздарды қарызға беру (securities lending) тетіктерін енгізу, маркет- мейкингті жетілдіру және жабылған қысқа сатылымдарды (covered short selling) жүзеге асыру үшін заңнамалық негіз құру қажеттілігін атап өтті.
«Бізхалықаралық инвесторлар үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға тырысудамыз. Ол үшін нарық құралдарын дамыту, өтімділікті арттыру және нарықтық инфрақұрылым тетіктерін жетілдіру қажет. Атап айтқанда, біз жабылған қысқа сатылым тетігін енгізуге бағытталған бірқатар заңнамалық өзгерістерді ұсындық», – деп атап өтті Нұржан Тұрсынханов.
Капиталнарығының инфрақұрылымын цифрландыруға және ақпараттық ресурстарды біріктіруге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, О рталық депозитарийдің базасында «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін және эмитенттер мен инвесторларға қажетті ақпарат пен қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін бірыңғай цифрлық платформаны дамыту қарастырылуда.
« Біздің міндетіміз – жүйеленбеген ақпарат пен қолданыстағы процестерді біртұтас жүйеге біріктіру. Осылайша, біз капитал нарығын дамыту бойынша дәйекті жұмыс істеп жатырмыз» , – деп атап өтті Агенттік Төрағасының орынбасары.
Оныңайтуынша, аталған бастамаларды іске асыру қазақстандық капитал нарығының тартымдылығын арттыруға, халықаралық инвесторлардың қатысуын кеңейтуге және өтімділіктің өсуі мен инвестициялық инфрақұрылымды дамыту үшін қосымша жағдайлар жасауға мүмкіндік береді .
Сонымен бірге Tabadul Roadshow 2026 шеңберінде биржалар арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын іске қосу, соның ішінде Tabadul платформасында KASE облигацияларының сауда- саттығын ашу рәсімдері, сондай -ақ Қазақстан, БАӘ, Оман және Армения қор биржалары басшыларының қатысуымен б ірыңғай инвестициялық кеңістікті қалыптастыруға және трансшекаралық капитал нарықтарын дамытуға арналған панельдік пікірталас өтті .
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









