Егде жастағы адамдарды телефон алаяқтарынан қалай қорғауға болады?

    ҚазақстанРеспубликасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі егде адамдарға бағытталған телефон алаяқтығының кең таралған схемасы туралы еске салады .

    Алаяқтар өздерін банктің,полицияның, емханалардың немесе м емлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде таныстырып, бейтаныс адамдар шоттан ақша алуға тырысуда деп хабарлайды. Олар шұғыл жағдай сезімін тудырады, адамды қорқытады және қаражатты « қауіпсіз шотқа» аударуға сендіреді.

    Соданкейін алаяқтар адамның мобильдік банкингті пайдаланатынын не пайдаланбайтынын анықтап, ақша аудару бойынша нұсқаулар береді немесе бөгде қосымшаны орнатуды ұсынады. Осындайқосымша арқылы олар құрылғыға және қаржыға қашықтан қол жеткізе алады.

    Нені есте сақтаған маңызды?

    Өзін қалай таныстырса да, бейтаныс адамныңталабы бойынша қаржылық операцияларды жасамаңыз.

    Қоңыраушалушы сіздің дербес деректеріңізді білсе де , бұл оның банкте, полицияда, емханада немесе мемлекеттік органда жұмыс істейтінін растамайды.

    Қоңырау шалушының атын, лауазымын және бөлімін жазып алыңыз. Әңгімені аяқтаңыз және ақпаратты тексеру үшін ұйымның ресми байланыс орталығына өзіңіз қоңырау шалыңыз .

    Егербейтаныс адам өзін туыспын деп таныстырып, шұғыл түрде ақша аударуды сұраса, дүрбелеңге түспеңіз . Туысқаныңызға өзіңіз қоңырау шалып, оның жағдайы жақсы екеніне көз жеткізіңіз.

    Ешқашантелефон арқылы банктік карта деректерін, үш таңбалы CVV кодын, құпия сөздерді, СМС кодтарын және шоттағы соманы хабарламаңыз .

    Есіңізде болсын:банктер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері ешқашан телефон арқылы құпия деректерді сұрамайды. Егер сізге күдікті қоңырау арқылы звондаса, әңгімені дереу тоқтатып, болған жағдай туралы банкке және құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.

    Барынша пайдалы материалFingramota.kz. сайтында қолжетімді.

    Сыртқы коммуникациялар басқармасы

    [email protected]

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі" жаңалықтары