Құтқарушылар күні қарсаңында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Техникалық нормалау бөлімінің бас маманы Алмабек Қайрат Қанатұлының кәсіби жолына назар аударамыз. Ол азаматтық қорғау саласындағы еңбек жолын 2019 жылы Атырау облысының Құрманғазы ауданында бастаған. 2021 жылы Жамбыл облысына ауысып, Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасында инженер, кейін аға инженер қызметтерін атқарды. 2025 жылы Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері болып еңбек етті.
Ал 2026 жылдың маусым айынан бастап Техникалық нормалау бөлімінде қызмет атқарып келеді. Жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі мен кәсіби білімі Қайрат Қанатұлының өз ісіне деген жауапкершілігін айқындайды. Әр қызметінде мол тәжірибе жинақтап, кәсіби біліктілігін шыңдаған маманның еңбек жолы - жас қызметкерлерге үлгі.
Ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы адал еңбек пен жоғары жауапкершілік - азаматтық қорғау қызметінің басты құндылықтары.









