Аппаратное совещание.

    1 / 2

    Сандықтау ауданында аудан әкімі Серік Құдабайдың қатысуымен аудандық бөлімдер, қызметтер мен мекемелердің басшылары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен аппараттық кеңес өтті.

    Кеңес басында аудан әкімі Серік Құдабай Сандықтау ауылдық округінің дамуына қосқан елеулі үлесі және көп жылғы адал еңбегі үшін Фархад Жунусовқа алғыс білдірді. Сондай-ақ аудан активіне Сандықтау ауылдық округінің жаңа әкімі Мұрат Баубеков таныстырылды.

    Аппараттық кеңес барысында бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Сандықтау ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары, оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдау қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша жоспарлы көрсеткіштің орындалуы талқыланды.

    Кеңес қорытындысы бойынша Серік Құдабай аудандық бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар берді.

    Ауылдық елді мекендерге тұрғындар мен жаңа мамандарды тартуға бағытталған бейнероликтер дайындауға, сондай-ақ қысқы кезеңде автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қамтамасыз ету жөніндегі меморандумдар жасасуға ерекше назар аударуды тапсырды.

    Сонымен қатар басшыларға жылыту маусымының барысын ерекше бақылауда ұстау және «Ауыл Аманаты» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты күшейту тапсырылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сандықтау ауданының мәслихаты" жаңалықтары