Сандықтау ауданының мәслихаты

    "Мәслихат туралы"

    Біз Сіздерді Сандықтау аудандық мәслихатының ресми сайтында қарсы алуға қуаныштымыз.

    Біздің сайттан аудандық мәслихат сессияларында қабылданған нормативтік-құқықтық актілермен, тұрақты комиссиялардың жұмысы туралы мәслихат пен депутаттық корпустың қызметі мен өкілеттіктері туралы толық және шынайы ақпарат ала аласыз.

    Біздің міндетіміз ауданда мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды, халықты толғандыратын әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін және оларды шешу бойынша нақты шараларды іске асыру барысын жүзеге асыру болып табылады.

    Сайтқа келушілердің әрқайсысы оны қызықтыратын сұрақтар қоя алады, өз көзқарасын білдіре алады және өз ұсыныстарын бере алады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Шешім

    «Сандықтау аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

    «Сандықтау аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелері қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. «Сандықтау аудандықмәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған ережесі бекітілсін. 2. Сандықтау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы№ 28/5 «Сандықтау аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылсын. 3. «Сандықтау аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) жоғарыда көрсетілген «Сандықтау аудандықмәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі әділет органдарында заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді; 2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оны Сандықтау аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сандықтау аудандық мәслихаты аппаратының басшысы А.Н. Ким жүктелсін. 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Сандықтау аудандық мәслихатының төрайымы Г. Мұстафина

    Жарияланды:
    Ереже

    «Сандықтауаудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

    «Сандықтауаудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже 1-тарау. Жалпы ережелер 1. «Сандықтауаудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады,Сандықтауаудандық мәслихаты мен оның органдарының ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етілуін жүзеге асырады, сондай-ақ депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдем көрсетеді. 2. Мәслихат аппаратыныңведомстволары жоқ. 3. «Сандықтауаудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. «Сандықтауаудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменіңұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. «Сандықтауаудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6. «Сандықтауаудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 7. «Сандықтауаудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппенСандықтауаудандық мәслихаты төрағасының өкімімен,Сандықтауаудандық мәслихатыаппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 8. «Сандықтауаудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі. 9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:021400, Ақмола облысы,Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы,Абылай хан көшесі, 117 . 10. Осы Ереже «Сандықтауаудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады. 11. «Сандықтауаудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. 12. «Сандықтауаудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Сандықтауаудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері 13. Міндеттері: 1) аудандық мәслихаттың қызметін ұйымдастырушылық және құжаттамалық қамтамасыз ету; 2) аудандық мәслихаттың нормашығармашылық қызметінің заңдылығын қамтамасыз ету; 3) мәслихат қызметінің жариялылығын, ашықтығын және айқындығын қамтамасыз ету; 4) аудандық мәслихат қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету және шаруашылық қызметін жүргізу; 5) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету. 14. Өкілеттіктері: 1) құқықтары: мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан, өзге де ұйымдар меназаматтардан белгіленген тәртіппен ақпаратты, анықтамаларды, есептерді, шешімдер жобаларын, нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралықақпарат құралдарында жарияланғаны туралы мәліметтерді, сараптамалар мен сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, аудандық мәслихаттың қарауына енгізілген шешімдер жобалары бойынша қажетті келісімдерді, сондайақ сессиялар мен тұрақты (уақытша) комиссиялар отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өзге де құжаттарды сұратуға; аудандық мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті шешімдерді әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға; депутаттық сауалдар мен депутаттық ұсыныстардың уақтылы қаралуын және іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелерге сұрау салулар жіберуге; аудандық мәслихатқа жолданған азаматтардың өтініштерінің қаралу мерзімдері мен қаралу нәтижелеріне бақылауды жүзеге асыруға; 2) міндеттері: өз құзыреті шегінде аудандық мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етуге; аудандық мәслихаттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша лауазымды адамдарға және мемлекеттік органдарға консультациялық-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсетуге; мәслихат депутаттары мен мәслихат аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды қамтамасыз етуге. 15. Функциялары: 1) мәслихат жұмысының жоспарлануын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету: отырыстар кестесін қалыптастыру, сессияларға қатысушыларды уақтылыхабардар ету және мәслихаттың жұмыс топтары мен тұрақты комиссияларының қызметін үйлестіру; 2) атқарушы органдар басшыларының ақпараттарын, есептерін жинау және талдау, өз қызметі туралы аудандық мәслихат депутаттарының алдында есеп беретін мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы анықтамалар дайындау; 3) құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, сессиялар мен комиссиялар отырыстарын хаттамалау, аудио-бейнетіркеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс және қорытынды материалдарды дайындау, көбейту және тарату; 4) мәслихат шешімдері жобаларының Қазақстан Республикасыныңқолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне құқықтық сараптама жүргізу; 5) қабылданған нормативтік шешімдерді мемлекеттік тіркеу үшін әділеторгандарына жолдауды қамтамасыз ету; 6) шешімдер жобалары мен депутаттық сауалдарды дайындау кезінде депутаттарға құқықтық көмек көрсету; 7) соттарда және басқа да мемлекеттік органдарда мәслихат пен оныңаппаратының мүдделерін білдіру және қорғау; 8) аудандық мәслихаттың қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілер жобалары мен өзге де шешімдер жобаларын әзірлеуге бақылау жүргізу; 9) саяси партиялардан және өзге де қоғамдық бірлестіктерден сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстарды қабылдау, жинау және тексеру рәсімдерін ұйымдастыру; 10) аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы, сондай-ақ комиссия мүшелерінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда олардың құрамдарына өзгерістер енгізу туралы мәслихат шешімдерінің жобаларын дайындау; 11) сайлау комиссияларын қалыптастырудың заңда белгіленген рәсімдері мен мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету, кандидаттардың сайлау заңнамасында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру; 12) мәслихат шешімдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және өкілді органның бірыңғай интернет-ресурсының өзектендірілуін қамтамасыз ету; 13) мәслихат төрағасы мен депутаттардың жеке қабылдауын ұйымдастыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, петицияларын есепке алуды, тіркеуді және қаралуын бақылауды жүзеге асыру; 14) депутаттарға сайлау округтері тұрғындары алдында міндетті жария есептерін дайындауға және өткізуге жәрдем көрсету; 15) қоғамдық тыңдауларды, дөңгелек үстелдерді және қоғамдық маңызыбар мәселелерді талқылаудың өзге де нысандарын өткізуді қамтамасыз ету; 16) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды жоспарлау, бухгалтерлік есеп жүргізу, қаржылық есептілікті қалыптастыру; 17) мәслихат пен оның аппаратының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшінтауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу; 18) кадрлық іс жүргізуді жүзеге асыру; 19) құжат айналымының бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуін, құжаттардың мұрағаттық сақталуын қамтамасыз ету; 20) аудандық мәслихат сайты, баспа және электрондық БАҚ, әлеуметтік желілер арқылы тұрақты комиссиялар депутаттары жұмысының ашықтығын және жариялылығын қамтамасыз ету; 21) сот органдарында мәслихат мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету. 3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері 16. «Сандықтауаудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Сандықтауаудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады. 17. «Сандықтауаудандық мәслихатының аппараты»мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы –мәслихат аппаратының басшысы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады. 18. Мәслихат аппараты басшысының орынбасарлары жоқ. 19. Мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктері: 1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды; 2) өз құзыреті шегінде мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды; 3) мәслихат аппаратының «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттіклауазымдардан босатады; 4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады; 5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне іссапарға жіберу, еңбек демалыстарын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді; 7) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді; 8) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді; 9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады; 10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу туралы және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясы төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу туралы бұйрықтардың жобаларын дайындайды; 11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады; 12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі 20. «Сандықтауаудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. «Сандықтауаудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. 21. «Сандықтауаудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады. 22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Сандықтауаудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. 5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату 23. «Сандықтауаудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сандыктау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 20/35 "Округтік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін міндеттерінен босату туралы"

    "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына, 19-бабының 6-тармағына және Сандыктауаудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі №20/35"Округтік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін міндеттерінен босату туралы" қаулыларына сәйкес Сандықтауаудандық мәслихаты келесі құрамдардағы бос орындар туралы хабарлайды:округтік сайлау комиссиялары: № 3-1, 4-1, 5-1, 6-2, 7-1, 8-4, 9-1, 11-3. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы. Саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда, мәслихаттар өзге қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлау комиссиясын сайлайды. Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және Сандыктау аудандық аумақтық сайлау комиссиясына қатысты жоғары тұрған органдар 2026 жылғы 25 қыркүйектен 2026 жылғы 10 қазанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады: 1) белгіленген нысан бойынша электронды және қағаз форматтағы сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер; 2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді; 3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі; 4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері. Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштердің нысандары мәслихаттың сайтында орналастырылған. Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес болуы тиіс. Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс. Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс. Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, толыққанды және толыққанды емес аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды. Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен расталуы және орындалған күні, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгі болуы тиіс. Сандыктау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 10 қазанға дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады. Мәслихаттың орналасқан жері: Сандыктау ауданы,Балкашино аулы, Абылайхан көшесі,117. Жауапты тұлға –Ким Андрей Никанорович, тел.: 8 (71640)9-15-05, [email protected]

    Жарияланды:
    Жоба

    Жоба «Сандықтау аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

    Жоба «Сандықтау аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Мәслихаттың үлгілік регламентін бекіту туралы» Жарлығымен бекітілген Мәслихаттың үлгілік регламентінің 79-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелері қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Сандықтау аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған ережесі бекітілсін. Сандықтау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 28/5 «Сандықтау аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылсын. «Сандықтау аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) жоғарыда көрсетілген «Сандықтау аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі әділет органдарында заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді; 2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оны Сандықтау аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сандықтау аудандық мәслихаты аппаратының басшысы А.Н. Ким жүктелсін. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Сандықтау аудандық мәслихатының төрайымы Г. Мустафина Сандықтау аудандық мәслихаттың 2026 жылғы № шешімімен бекітілген «Сандықтауаудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ Жалпы ережелер «Сандықтау аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мәслихат аппараты) Сандықтау аудандық мәслихатының (бұдан әрі – мәслихат) ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсететiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы «Сандықтау аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесіне (бұдан әрі – Ереже) сәйкес жүзеге асырады. Мәслихат аппараты ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды. Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттілік берілген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен аудандық мәслихат төрағасының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. Мәслихат аппараты құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 021400, Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашино селосы, Абылай хан көшесі, 117 құрылыс. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі: Дүйсенбі - жұма сағат 09.00-ден - 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндер: сенбі - жексенбі. Осы Ереже Мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен Мәслихат аппараты өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Мәслихат аппаратына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі. Мәслихат аппаратының мақсаттары мен өкілеттіктері Міндеттері: 1) мәслихаттың қызметін ұйымдастырушылық және құжаттамалық қамтамасыз ету; 2) мәслихаттың нормашығармашылық қызметінің заңдылығын қамтамасыз ету; 3) сайлау процесінің және сайлау жүйесі органдары қызметінің заңдылығын ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету; 4) мәслихат қызметінің жариялылығын, ашықтығын және айқындығын қамтамасыз ету; 5) мәслихат қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету және шаруашылық қызметін жүргізу; 6) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету. Өкілеттіктері: 1) Құқықтары: 1.1) мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен ақпаратты, анықтамаларды, есептерді, шешімдер жобаларын, нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаны туралы мәліметтерді, ғылыми сараптамалар мен сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, Мәслихаттың қарауына енгізілген шешімдер жобалары бойынша қажетті келісімдерді, сондай-ақ сессиялар мен тұрақты (уақытша) комиссиялар отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өзге де құжаттарды сұратуға; 1.2) Мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелерді пысықтауға мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті шешімдерді әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға; 1.3) депутаттық сауалдар мен депутаттық ұсыныстардың уақтылы қаралуын және іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелерге сұрау салулар жіберуге; 1.4) мәслихатқа жолданған азаматтардың өтініштерінің қаралу мерзімдері мен қаралу нәтижелеріне бақылауды жүзеге асыруға; 2) Міндеттері: 2.1) өз құзыреті шегінде мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етуге; 2.2) мәслихаттың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша лауазымды адамдарға және мемлекеттік органдарға консультациялық-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсетуге; 2.3) мәслихат депутаттары мен мәслихат аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды қамтамасыз етуге. Функциялары: 1) мәслихат жұмысының жоспарлануын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету: отырыстар кестесін қалыптастыру, сессияларға қатысушыларды уақтылы хабардар ету және мәслихаттың жұмыс топтары мен тұрақты комиссияларының қызметін үйлестіру; 2) атқарушы органдар басшыларының ақпараттарын, есептерін жинау және талдау, өз қызметі туралы Мәслихат депутаттарының алдында есеп беретін мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелері туралы анықтамалар дайындау; 3) құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, сессиялар мен комиссиялар отырыстарын хаттамалау, аудио-бейнетіркеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс және қорытынды материалдарды дайындау, көбейту және тарату; 4) мәслихат шешімдері жобаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне құқықтық сараптама жүргізу; 5) қабылданған нормативтік шешімдерді мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына жолдауды қамтамасыз ету; 6) шешімдер жобалары мен депутаттық сауалдарды дайындау кезінде депутаттарға құқықтық көмек көрсету; 7) соттарда және басқа да мемлекеттік органдарда мәслихат пен оның аппаратының мүдделерін білдіру және қорғау; 8) мәслихаттың қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілер жобалары мен өзге де шешімдер жобаларын әзірлеуге бақылау жүргізу; 9) саяси партиялардан және өзге де қоғамдық бірлестіктерден сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстарды қабылдау, жинау және тексеру рәсімдерін ұйымдастыру; 10) аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы, сондай-ақ комиссия мүшелерінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда олардың құрамдарына өзгерістер енгізу туралы мәслихат шешімдерінің жобаларын дайындау; 11) сайлау комиссияларын қалыптастырудың заңда белгіленген рәсімдері мен мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету, кандидаттардың сайлау заңнамасында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру; 12) мәслихат шешімдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және өкілді органның бірыңғай интернет-ресурсының өзектендірілуін қамтамасыз ету; 13) мәслихат төрағасы мен депутаттардың жеке қабылдауын ұйымдастыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, петицияларын есепке алуды, тіркеуді және қаралуын бақылауды жүзеге асыру; 14) депутаттарға сайлау округтері тұрғындары алдында міндетті жария есептерін дайындауға және өткізуге жәрдем көрсету; 15) қоғамдық тыңдауларды, дөңгелек үстелдерді және қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылаудың өзге де нысандарын өткізуді қамтамасыз ету; 16) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды жоспарлау, бухгалтерлік есеп жүргізу, қаржылық есептілікті қалыптастыру; 17) мәслихат пен оның аппаратының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу; 18) кадрлық іс жүргізуді жүзеге асыру; 19) құжат айналымының бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуін, құжаттардың мұрағаттық сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ құпиялылық режимінің сақталуын және мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету; 20) Қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастыру, оның жұмысын жоспарлау, қатысушыларды уақтылы хабардар ету және кеңестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын үйлестіру; 21) Қоғамдық кеңес отырыстарын хаттамалау, оның шешімдерін ресімдеу және тарату, сондай-ақ кеңес қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жариялылығын қамтамасыз ету. Мәслихат төрағасының және аппарат басшысының мәртебесі, өкілеттіктері Сандықтау аудандық мәслихатының төрағасы (бұдан әрі – Мәслихат төрағасы) өкілді органның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және оның өкілеттіктерін Мәслихат аппараты арқылы қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді. Мәслихат төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады. Мәслихат төрағасының орынбасарлары болмайды. Мәслихат төрағасының өкілеттіктері: 1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге және өзге де құжаттарға қол қояды; 2) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды; 3) мәслихат сессиясының отырыстарын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді; 4) мәслихат депутаттарына өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдем көрсетеді, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының жұмысына, сондай-ақ сайлау округтеріндегі қызметіне қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды; 5) депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштерінің қаралуын бақылайды; 6) мәслихат аппаратының басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады; 7) сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа тұрақты түрде ақпарат ұсынады; 8) мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады; 9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселе көтеруге бастамашылық жасайтын мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының түпнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады; 10) өз құзыреті мәселелері бойынша өкімдер шығарады; 11) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының, сондай-ақ депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді; 12) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкілдік етеді; 13) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуын бақылау жөніндегі шараларды айқындайды; 14) Қазақстан Республикасының заңнамасында, мәслихат регламентінде және мәслихат шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Мәслихат төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам уақытша жүзеге асырады. Мәслихат аппаратын мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын, қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалатын және қызметтен босатылатын мәслихат аппаратының басшысы басқарады. Мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктері: 1) Мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды; 2) өз құзыреті шегінде Мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды; 3) Мәслихат аппаратының «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады; 4) Мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады; 5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады; 6) Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне іссапарға жіберу, еңбек демалыстарын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді; 7) Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді; 8) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді; 9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады; 10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу туралы және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясы төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу туралы бұйрықтардың жобаларын дайындайды; 11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады; 12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Мәслихат аппаратының мүлкі Мәслихат аппаратының заңнамада қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүліктен (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және өзге де көздерден қалыптастырылады. Мәслихат аппаратында бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады. Мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер заңнамада өзгеше көзделмесе, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    Жарияланды:
    Жоба

    Жоба «Сандықтау ауданының құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы

    Жоба «Сандықтау ауданының құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-2)тармақшасынасәйкес, Сандықтауаудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Қоса берілген «Сандықтау ауданының құрметті азаматы» атағын беру қағидалары бекітілсін. «Сандықтау аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Сандықтау аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Сандықтау ауданы мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі. Лауазымы Аты-жөні Сандықтау аудандық мәслихатының 2026 жылғы қыркүйектегі № 8С- шешімімен бекітілген «Сандықтау ауданының құрметті азаматы» атағын беру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер Осы «Сандықтау ауданының құрметті азаматы» атағын берудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 279-НҚ бұйрығымен бекітілген«Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын берудің үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және «Сандықтау ауданының құрметті азаматы» атағын беру тәртібін айқындайды. «Сандықтау ауданының құрметті азаматы»атағын (бұдан әрі – «Құрметті азамат» атағы) беру елеулі еңбек сіңірген азаматтардың көпжылдық жемісті қызметін және бастамашылығын қоғам тарапынан тану әрі ынталандыру болып табылады, сондай-ақ азаматтардың еңбек және қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған. «Құрметті азамат» атағы ауданда кемінде 10 жыл еңбек еткен, келесі талаптардың біріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетел азаматтарына беріледі: 1) кәсіби немесе азаматтық міндетін орындау кезінде көрсеткен ерлігі үшін, сондай-ақ заңдылық және құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін; 2) мемлекет, саяси және қоғам қайраткерлеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласындағы нәтижелі еңбегі үшін, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін; 3) қоғамдық қызметтегі жетістіктері мен қайырымдылық қызметі үшін; 4) аудандағы спорт, мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау, құрылыс, кәсіпкерлік, бизнес және ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға қосқан үлесі үшін; 5) тәуелсіз және егемен Қазақстанның тұтастығын сақтауға, этносаралық қатынастар мен келісімді, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген ерен еңбегі үшiн. 2-тарау. «Құрметті азамат» атағын беру тәртібі «Құрметті азамат» атағына ұсынылушының әрқайсысына Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша награда қағазы толтырылады. «Құрметті азамат» атағын беру туралы қолдаухаттар жергілікті атқарушы органдарымен, шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен еркін нысанда енгізіледі. Награда қағазында «Құрметті азамат» атағына ұсынылатын тұлғаның жеке басы, тиісті қызмет саласындағы жұмысының жалпы еңбек өтілі, тұлғаның еңбек, кәсіби немесе қоғамдық қызметі туралы мәліметтер, нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі мен сапасы туралы мәліметтер баяндалады. Награда қағазына ұйым басшысы қол қояды және қол қойған ұйымдардың мөрлерiмен расталады. «Құрметті азамат» атағына ұсынылғандардың әрқайсысына ұсыным жеке дайындалады. Ақмола облысы әкімдігі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия) отырысына дейін отыз күннен кем мерзімде келіп түскен награда құжаттары қарауға қабылданбайды. Награда қағазын Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссиямен ресімделеді. Медальдар мен оларға куәліктерді дайындау, сондай-ақ оларды есепке алу және сақтау Сандықтау ауданы әкімі аппаратына жүктеледі. Өз кандидатураларын ұсынған тұлғалардан келіп түскен «Құрметті азамат» атағын беру туралы қолдаухаттар қаралмайды. Облыс бойынша аудан немесе қаланың «Құрметті азамат» атағына ие тұлғаны қайта ұсынуға жол берілмейді. «Құрметті азамат» атағын беру қайтыс болғаннан кейін еліміздің мүддесін қорғау кезінде және адам өмірін құтқаруға байланысты жағдайларда көрсеткен батылдығы, ерлігі, қаһармандығы үшін жүзеге асырылуы мүмкін. Қолдаухат Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияда қаралады. Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның шешімі ұсыныс сипатында болады және оның барлық мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді. «Құрметті азамат» атағы әр екі жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарынның он тұлғаға дейін берілуі мүмкін. Сандықтау ауданыныңмерейтойлық күніне орай «Құрметті азамат» атағын қосымша әр бес жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарының бес тұлғаға дейін берілуі мүмкін. Сандықтау ауданыәкімінің ұсынысы бойынша қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей зілзаланың немесе өзге де авариялық жағдайлардың салдарын жоюға немесе алдын алуға көмек көрсеткен Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына «Құрметті азамат» атағы берілуі мүмкін. «Құрметті азамат» атағын беру туралы Сандықтауаудандық мәслихатының шешімі жергілікті масс-медиада жарияланады. «Құрметті азамат» атағы: 1) «Құрметті азамат» атағына ұсынылған кезде өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар тұлғаларға; 2) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған тұлғаларға берілмейді. 3-тарау. Медаль мен куәлікті тапсыру тәртібі «Құрметті азамат» атағын беру туралы Сандықтау аудандық мәслихатының шешімі күшіне енген күннен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде аталған атақ берілген тұлғаға салтанатты түрде «Құрметті азамат» атағына медаль мен куәлік тапсырылады. «Құрметті азамат» атағына медаль мен куәлікті Сандықтау ауданының әкімі немесе Сандықтау аудандықмәслихатының төрағасы тапсырады. Медаль мен куәлікті тапсырар алдында Сандықтау аудандық мәслихатының «Құрметті азамат» атағын беру туралы шешімі жария етіледі. «Құрметті азамат» атағы берілген тұлғаға медаль мен куәлік жеке тапсырылады. Егер «Құрметті азамат» атағы берілген тұлға денсаулық жағдайына байланысты тапсыруға келе алмаса, медаль мен куәлік оның орналасқан жерінде тапсырылуы мүмкін. Қайтыс болғаннан кейін «Құрметті азамат» атағын беру туралы құжаттар мен оған қоса медаль қайтыс болған тұлғаның отбасы мүшелеріне тапсырылады. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарын ескере отырып қайтыс болған тұлғаның мұрагерлерінің келісімімен ресімделген «Құрметті азамат» атағын беру туралы құжаттар мен оған қоса медальді музейлерге сақтауға берілуі мүмкін. Мұрагерлері болмаған жағдайда «Құрметті азамат» атағын беру туралы құжаттар мен оған қоса медаль музейлерге сақтауға беріледі. «Құрметті азамат» атағына медаль осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындалады. «Құрметті азамат» атағы берілген әрбір тұлғаға медальді тапсырумен бір мезгілде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша медальға куәлік беріледі. «Құрметті азамат» атағына берілетін куәлікке Сандықтау аудандық мәслихатының төрағасы қол қояды. Медальдер мен оларға берілетін куәліктерді дайындауға жұмсалатын шығыстар тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады. 4-тарау. Қорытынды ережелер Соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда «Құрметті азамат» атағынан айыру Сандықтау аудандық мәслихатының шешімімен жүзеге асырылады. «Құрметті азамат» атағынан айырылған тұлға осы атақты қайта алуға ұсыныла алмайды.

    Жарияланды:
    Шешім

    Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 желтоқсандағы № 16/3 «Сандықтау ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2026 жылдарға арналған үлгілік жоспарды бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 желтоқсандағы № 16/3 «Сандықтау ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2026 жылдарға арналған үлгілік жоспарды бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының «Сандықтау ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2026 жылдарға арналған үлгілік жоспарды бекіту туралы» 2024 жылғы 5 желтоқсандағы № 16/3 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Сандықтау ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы»; аталған шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі № 263 бұйрығына сәйкес Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»; көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Сандықтау ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар бекітілсін.»; көрсетілген шешіммен бекітілген жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Сандықтау аудандық мәслихатының төрайымы Г. Мұстафина

    Жарияланды: