Жоба «Сандықтау ауданының құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы

    Сандықтау ауданының мәслихаты

    Жоба

    «Сандықтау ауданының құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-2)тармақшасынасәйкес, Сандықтауаудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қоса берілген «Сандықтау ауданының құрметті азаматы» атағын беру қағидалары бекітілсін.
    2. «Сандықтау аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Сандықтау аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

    1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Сандықтау ауданы мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.
    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Лауазымы

    Аты-жөні

    Сандықтау аудандық мәслихатының

    2026 жылғы қыркүйектегі

    № 8С- шешімімен

    бекітілген

    «Сандықтау ауданының құрметті азаматы» атағын беру қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы «Сандықтау ауданының құрметті азаматы» атағын берудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 279-НҚ бұйрығымен бекітілген « Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын берудің үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және «Сандықтау ауданының құрметті азаматы » атағын беру тәртібін айқындайды.
    2. «Сандықтау ауданының құрметті азаматы»атағын (бұдан әрі – «Құрметті азамат» атағы) беру елеулі еңбек сіңірген азаматтардың көпжылдық жемісті қызметін және бастамашылығын қоғам тарапынан тану әрі ынталандыру болып табылады, сондай-ақ азаматтардың еңбек және қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған.
    3. «Құрметті азамат» атағы ауданда кемінде 10 жыл еңбек еткен, келесі талаптардың біріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетел азаматтарына беріледі:

    1) кәсіби немесе азаматтық міндетін орындау кезінде көрсеткен ерлігі үшін, сондай-ақ заңдылық және құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін;

    2) мемлекет, саяси және қоғам қайраткерлеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласындағы нәтижелі еңбегі үшін, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін;

    3) қоғамдық қызметтегі жетістіктері мен қайырымдылық қызметі үшін;

    4) аудандағы спорт, мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау, құрылыс, кәсіпкерлік, бизнес және ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға қосқан үлесі үшін;

    5) тәуелсіз және егемен Қазақстанның тұтастығын сақтауға, этносаралық қатынастар мен келісімді, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген ерен еңбегі үшiн.

    2-тарау. «Құрметті азамат» атағын беру тәртібі

    1. «Құрметті азамат» атағына ұсынылушының әрқайсысына Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша награда қағазы толтырылады.

    «Құрметті азамат» атағын беру туралы қолдаухаттар жергілікті атқарушы органдарымен, шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен еркін нысанда енгізіледі.

    Награда қағазында «Құрметті азамат» атағына ұсынылатын тұлғаның жеке басы, тиісті қызмет саласындағы жұмысының жалпы еңбек өтілі, тұлғаның еңбек, кәсіби немесе қоғамдық қызметі туралы мәліметтер, нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі мен сапасы туралы мәліметтер баяндалады.

    Награда қағазына ұйым басшысы қол қояды және қол қойған ұйымдардың мөрлерiмен расталады.

    «Құрметті азамат» атағына ұсынылғандардың әрқайсысына ұсыным жеке дайындалады.

    Ақмола облысы әкімдігі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия) отырысына дейін отыз күннен кем мерзімде келіп түскен награда құжаттары қарауға қабылданбайды.

    1. Награда қағазын Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссиямен ресімделеді.
    2. Медальдар мен оларға куәліктерді дайындау, сондай-ақ оларды есепке алу және сақтау Сандықтау ауданы әкімі аппаратына жүктеледі.
    3. Өз кандидатураларын ұсынған тұлғалардан келіп түскен «Құрметті азамат» атағын беру туралы қолдаухаттар қаралмайды.

    Облыс бойынша аудан немесе қаланың «Құрметті азамат» атағына ие тұлғаны қайта ұсынуға жол берілмейді.

    «Құрметті азамат» атағын беру қайтыс болғаннан кейін еліміздің мүддесін қорғау кезінде және адам өмірін құтқаруға байланысты жағдайларда көрсеткен батылдығы, ерлігі, қаһармандығы үшін жүзеге асырылуы мүмкін.

    1. Қолдаухат Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияда қаралады.
    2. Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
    3. Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның шешімі ұсыныс сипатында болады және оның барлық мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
    4. «Құрметті азамат» атағы әр екі жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарынның он тұлғаға дейін берілуі мүмкін.

    Сандықтау ауданыныңмерейтойлық күніне орай «Құрметті азамат» атағын қосымша әр бес жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарының бес тұлғаға дейін берілуі мүмкін.

    Сандықтау ауданыәкімінің ұсынысы бойынша қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей зілзаланың немесе өзге де авариялық жағдайлардың салдарын жоюға немесе алдын алуға көмек көрсеткен Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына «Құрметті азамат» атағы берілуі мүмкін.

    1. «Құрметті азамат» атағын беру туралы Сандықтауаудандық мәслихатының шешімі жергілікті масс-медиада жарияланады.
    2. «Құрметті азамат» атағы:

    1) «Құрметті азамат» атағына ұсынылған кезде өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар тұлғаларға;

    2) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған тұлғаларға берілмейді.

    3-тарау. Медаль мен куәлікті тапсыру тәртібі

    1. «Құрметті азамат» атағын беру туралы Сандықтау аудандық мәслихатының шешімі күшіне енген күннен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде аталған атақ берілген тұлғаға салтанатты түрде «Құрметті азамат» атағына медаль мен куәлік тапсырылады.

    «Құрметті азамат» атағына медаль мен куәлікті Сандықтау ауданының әкімі немесе Сандықтау аудандықмәслихатының төрағасы тапсырады.

    1. Медаль мен куәлікті тапсырар алдында Сандықтау аудандық мәслихатының «Құрметті азамат» атағын беру туралы шешімі жария етіледі.

    «Құрметті азамат» атағы берілген тұлғаға медаль мен куәлік жеке тапсырылады.

    Егер «Құрметті азамат» атағы берілген тұлға денсаулық жағдайына байланысты тапсыруға келе алмаса, медаль мен куәлік оның орналасқан жерінде тапсырылуы мүмкін.

    Қайтыс болғаннан кейін «Құрметті азамат» атағын беру туралы құжаттар мен оған қоса медаль қайтыс болған тұлғаның отбасы мүшелеріне тапсырылады.

    Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарын ескере отырып қайтыс болған тұлғаның мұрагерлерінің келісімімен ресімделген «Құрметті азамат» атағын беру туралы құжаттар мен оған қоса медальді музейлерге сақтауға берілуі мүмкін.

    Мұрагерлері болмаған жағдайда «Құрметті азамат» атағын беру туралы құжаттар мен оған қоса медаль музейлерге сақтауға беріледі.

    1. «Құрметті азамат» атағына медаль осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындалады.

    «Құрметті азамат» атағы берілген әрбір тұлғаға медальді тапсырумен бір мезгілде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша медальға куәлік беріледі.

    «Құрметті азамат» атағына берілетін куәлікке Сандықтау аудандық мәслихатының төрағасы қол қояды.

    1. Медальдер мен оларға берілетін куәліктерді дайындауға жұмсалатын шығыстар тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.

    4-тарау. Қорытынды ережелер

    1. Соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда «Құрметті азамат» атағынан айыру Сандықтау аудандық мәслихатының шешімімен жүзеге асырылады.
    2. «Құрметті азамат» атағынан айырылған тұлға осы атақты қайта алуға ұсыныла алмайды.
    Жүктеу
    918e73e2c80b1a7dbbc443b95341d7b7_original.31861.docx
    DOCX · 31 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Шешім

    «Сандықтау аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

    «Сандықтау аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақст...

    Сандықтау ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Ереже

    «Сандықтауаудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

    «Сандықтауаудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже 1-тарау. Жалпы ережелер 1. «Сандықтауаудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып та...

    Сандықтау ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Ақпарат

    Сандыктау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі № 20/35 "Округтік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін міндеттерінен босату туралы"

    "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына, 19-бабының 6-тармағына және Сандыктауаудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі №20/35"Округтік сайлау ком...

    Сандықтау ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Жоба

    Жоба «Сандықтау аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

    Жоба «Сандықтау аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-б...

    Сандықтау ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 желтоқсандағы № 16/3 «Сандықтау ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2026 жылдарға арналған үлгілік жоспарды бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 желтоқсандағы № 16/3 «Сандықтау ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2025-2026 жылдарға арналған үлгілік жоспарды бекіту туралы» ш...

    Сандықтау ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    Сандықтау ауданы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

    Сандықтау ауданы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабының 1-тармағына,...

    Сандықтау ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    Сандықтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 21 мамырдағы № 1/8 «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жанынан консультативтік-кеңесші орган құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»

    Сандықтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 21 мамырдағы № 1/8 «Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасы...

    Сандықтау ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Шешім

    Сандықтау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 27/2 «2026-2028 жылдарға арналған Сандықтау ауданының ауылдық округтер мен Мәдениет ауылының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Сандықтау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 27/2 «2026-2028 жылдарға арналған Сандықтау ауданының ауылдық округтер мен Мәдениет ауылының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Сандықтау ауд...

    Сандықтау ауданының мәслихатыЖарияланды: