«Біз есірткіге қарсымыз» — салауатты өмір салтын қолдаймыз!

    1 / 2

    «Біз есірткіге қарсымыз» — салауатты өмір салтын қолдаймыз!

    2026 жылғы 9 қазанда Сандықтау ауданының ұйымдары мен мекемелері арасында «Біз есірткіге қарсымыз!» ұранымен күзгі жеңіл атлетикалық кросс өтті. Жарыс шаңғы-роллерлік трассада ұйымдастырылды.

    Аудан әкімі Серік Құдабайдың атынан жарысқа қатысушыларды аудан әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанова құттықтады. Ол өз сөзінде бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және әр адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

    Іс-шараға Сандықтау аудандық мәслихатының аппараты да қатысып, денсаулықты нығайтуға, дене белсенділігін арттыруға және қоғамдағы келеңсіз әлеуметтік құбылыстардың алдын алуға бағытталған бастаманы қолдады.

    Жарыс қорытындысы бойынша Жакенова Махаббат жүлделі III орынға ие болды. Бұл нәтиже оның табандылығының, мақсатқа ұмтылысының және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге деген ынтасының айқын көрінісі.

    Махаббатты лайықты жетістігімен құттықтаймыз! Оған зор денсаулық, толағай табыс, жаңа спорттық жетістіктер және алға қойған мақсаттарына жетуде сәттілік тілейміз!

    Салауатты өмір салты — қоғам әл-ауқатының негізі!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сандықтау ауданының мәслихаты" жаңалықтары