Бүгін, 14 қазан күні Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаштың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Жиында қала аумағын санитарлық тазалау, абаттандыру, көгалдандыру және орталық жолдарды күтіп-ұстау мәселелері қаралды.
Қазіргі таңда қала аумағында 320 балалар ойын алаңы мен 120 спорт алаңы бар. Олардың тозу деңгейін төмендетіп, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында 80 балалар ойын алаңы мен 50 спорт алаңын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы жиында Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Бексұлтан Шалабаев баяндады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда балалар ойын алаңдарын жаңарту жұмыстары 70%-ға, ал спорт алаңдары бойынша жұмыстар 90%-ға орындалған.
Сондай-ақ қала аумағындағы заңсыз қоқыс үйінділерін тазарту жұмыстары жалғасуда. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК-ның спутниктік түсірілімдері негізінде анықталған тоғыз нүктеде алдын ала есеп бойынша шамамен 940 тонна қоқысты тазарту жұмыстары ұйымдастырылған.
Қаладағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 217 шақырымды құрайды. Жол таңбаларын жаңарту бойынша жоспарланған 36 865 шаршы метрдің 32 256 шаршы метрі орындалған. Сонымен қатар 300 жол белгісі мен 500 белгі қалқанын орнату жоспарланған. Қазіргі уақытта 264 жол белгісі мен 439 белгі қалқаны орнатылды.
Жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін арттыру мақсатында бес бағдаршам орнатылып, тоғыз жол қиылысындағы қолданыстағы бағдаршамдарды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, қала аумағында автомобиль жолдарын орташа жөндеу және жаңа жол салу жобалары іске асырылуда.
Жиында қала әкімі аталған жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, оларды жүйелі ұйымдастыру және тиімділігін арттыру мақсатында жауапты мекемелерге бірқатар тапсырма берді.
– Қазіргі таңда біз үшін ең өзекті мәселелердің бірі – тазалық, абаттандыру және көгалдандыру. Бүгін айтылған ұсыныстарды әріптестерімізбен бірге талқылап, ортақ әрі тиімді шешім қабылдаймыз. Қаланың тазалығы мен келбеті – баршамызға ортақ жауапкершілік. Сондықтан әрқайсымыз өз міндетімізді абыроймен атқаруымыз қажет. Осы бағыттағы жұмыстарды қарқынды түрде жалғастыра беріңіздер, – деді қала әкімі Мақсат Мұқаш.
Жиын қорытындысы бойынша қала әкімі жауапты мекемелерге санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізуді, жасыл желектердің күтіміне ерекше назар аударуды және автомобиль жолдарын күтіп-ұстау сапасын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Ақтауда санитарлық тазалық және жолдарды күтіп-ұстау мәселелері қаралды
1 / 4
Ұқсас материалдар

Еңбек министрлігі медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындыларына шағымдану тәртібін түсіндіреді
ҚР ЕХӘҚМАшу
ДИЯР АУЫЛЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Байғанин ауданының әкімдігіАшу
Қауіпсіздік үйден басталады: Астанада «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Шымкентте жылқыны көлікке байлап тасымалдаған азамат жауапкершілікке тартылды
Шымкент қаласының Полиция департаментіАшу
Халық алғысы – полиция қызметіне берілген жоғары баға: елорда тұрғыны учаскелік полиция инспекторына ризашылығын білдірді
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
"Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары

Ақтауда жылу беру маусымы басталды
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу
Ақтауда қала әкімінің тапсырмасына сәйкес санитарлық тазалық жұмыстары қарқын алды
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу
«Ашық есік»: Ақтауда бірыңғай жеке қабылдау өтеді
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу
Ақтауда жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жалғасуда
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу
Абаттандыру, тазалық және көгалдандыру: Ақтау қаласының әкімі қала аумағын аралады
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу