Абаттандыру, тазалық және көгалдандыру: Ақтау қаласының әкімі қала аумағын аралады

    1 / 7

    Бүгін, 13 қазанда Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаш қала аумағын аралап, шаһардың санитарлық жағдайымен, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарымен танысты.

    Жүрмелі жиынға қала әкімінің орынбасары, жауапты бөлім басшылары мен мердігер мекеме өкілдері қатысты. Аралау барысында саябақтар мен қоғамдық демалыс орындарының жай-күйі назарға алынды. Атап айтқанда, жасыл желектердің жағдайы, қала тазалығы және абаттандыру деңгейі тексерілді.

    Қала әкімі тұрғындарға қолайлы демалыс жағдайын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтіп, анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жоюды тапсырды.

    – Халыққа тиісті деңгейде қолайлы жағдай жасау керек. Барлығымыз осы қаланың тұрғынымыз. Айтылған мәселелерді шешуге қосымша қаржы қажет емес. Қолда бар ресурстарды тиімді пайдаланып, уақытты жоғалтпай, қалпына келтіру жұмыстарын дереу қолға алыңыздар, – деді қала әкімі Мақсат Мұқаш.

    Аралау қорытындысы бойынша жауапты бөлім басшыларына қала аумағын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу, сондай-ақ қоғамдық орындардың жай-күйін жақсарту бағытында тиісті тапсырмалар берілді.

    Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары