Ақтауда жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жалғасуда

    1 / 3

    Ақтау қаласының 21 және 22-шағынаудандары аралығында, «Әлем» базары маңында тұрғындардың өтініші негізінде жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілді.

    Аталған учаскеде жаяу жүргіншілер өткелінің жол таңбалары сызылып, көлік қозғалысының жылдамдығын төмендету үшін жасанды жол кедергісі орнатылды. Сонымен қатар, қажетті жол белгілері қойылды.

    Аталған жұмыстар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.

    Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары