1 / 4
Қордай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, №17 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері Отар ауылдық округі әкімдігі, «QAZAQGAZAIMAQ» және жергілікті электр желілері мамандарымен бірлесіп, Отар ауылының тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тұрғындарға жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, газ және электр жабдықтарын дұрыс пайдалану, жылыту пештерінің жарамдылығын тексеру және мұржалар мен түтін арналарының уақытылы тазалануы түсіндірілді.
Сондай-ақ электр желілеріне шамадан тыс жүктеме түсірмеу, ақаулы электр құралдарын пайдаланбау және жылыту құрылғыларының маңында жанғыш заттарды орналастырмау қажеттігі ескертілді.








