2026 жылғы 9 қазанда Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2026 жылға арналған медиа-жоспарының 1-тарауының 1-тармағын орындау мақсатында «Теміржолсу-Қызылорда» ЖШС қызметкерлері арасында «Оба ауруының алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шараның мақсаты – қызметкерлерге оба ауруының жұғу жолдары, негізгі белгілері және алдын алу шаралары туралы ақпарат беру, сондай-ақ аурудың таралу қаупін төмендету. Семинар барысында оба ауруының негізгі белгілері, оның ішінде дене қызуының күрт жоғарылауы, бас ауруы, қалтырау, әлсіздік және лимфа түйіндерінің ұлғаюы мен ауырсынуы туралы түсіндірілді. Сонымен қатар аурудың ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін екендігі және алғашқы белгілері байқалған жағдайда медициналық көмекке уақтылы жүгінудің маңыздылығы атап өтілді. Қатысушыларға кеміргіштермен және олардың бүргелерімен жанасудан сақтану, санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау және аурудың алдын алу шараларын орындау қажеттілігі түсіндірілді. Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, оба ауруының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Оба ауруының алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

Ұлытау облысындағы медициналық-әлеуметтік сараптама: 9 айдың қорытындысы
ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментіАшу
Қолжетімді орта — баршаға ортақ мүмкіндік
ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментіАшу2026 жылғы 14 қазанда кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның «Жасөспірімдер ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында кеңейтілген отырысы өткізілді
Өскемен қаласының әкімдігіАшу
Қарағанды облысының алты колледж студенті Қазақстанның үздік 100 студентінің қатарына енді
Қарағанды облысы Шет ауданы Ортау ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіАшу
"Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары

«Қорқыт Ата» халықаралық әуежайында оба ауруы бойынша оқу-жаттығу өткізілді
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіАшу
Аса қауіпті инфекциялардың алдын алу бойынша оқу-жаттығу сабақтары өткізілді
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіАшу
«Обаның алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өткізілді
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіАшу
«Күйдіргі және оның алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өткізілді
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіАшу
«Әулие Ата» халықаралық әуежайында оқу-жаттығуға дайындық бойынша кеңес өтті
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіАшу