«Әулие Ата» халықаралық әуежайында оқу-жаттығуға дайындық бойынша кеңес өтті

    2026 жылғы 13 қазанда Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұйымдастыруымен «Әулие Ата» халықаралық әуежайында оба ауруына күдік туындаған науқас анықталған жағдайда өткізілетін оқу-жаттығуға дайындық мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңестің мақсаты – мүдделі қызметтердің жедел әрекет ету дайындығын бағалау және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар кезінде өзара іс-қимылды пысықтау. Іс-шараға санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының, шекара және кеден қызметтерінің, Жамбыл обаға қарсы күрес станциясының, медициналық ұйымдардың, «Ұлттық сараптама орталығы» филиалының, көліктегі желілік полиция бөлімінің және әуежайдың өкілдері қатысты. Кеңес барысында шартты науқасты анықтау және оқшаулау, байланыста болған адамдарды анықтау, жауапты қызметтерге хабарлау және қажетті эпидемияға қарсы шараларды жүргізу тәртібі қарастырылды. Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қызметтердің үйлесімді әрекет етуіне ерекше назар аударылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары