«Мемлекеттік бақылау қалай жүзеге асырылады: тексерілетін субъектілердің құқықтары мен міндеттері» тақырыбындағы сұрақ және жауап.
1-сұрақ. Мемлекеттік бақылау дегеніміз не?
Жауап: Мемлекеттік бақылау дегеніміз — мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеруге және бақылауға бағытталған қызметі.
2- Мемлекеттік бақылау қалай жүргізіледі
Мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Ол бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексерулер нысанында жүргізіледі.
2-сұрақ. Профилактикалық бақылау қалай жүргізіледі?
Жауап: Профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің тиісті бұйрығымен бекітілген жартыжылдық профилактикалық бақылау тізіміне енгізілген объектілерде жүргізіледі.
3-сұрақ. Жоспардан тыс тексерулер қандай жағдайларда жүргізіледі?
Жауап: Жоспардан тыс тексерулер Департамент тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша жүргізіледі.
4-сұрақ. Мемлекеттік бақылау барысында қандай талаптар тексеріледі?
Жауап: Мемлекеттік бақылау барысында бекітілген тексеру парақтарында көзделген және бақылау нысанасына жататын талаптар ғана қаралады.
5-сұрақ. Тексеру барысында қандай іс-шаралар жүзеге асырылады?
Жауап: Уәкілетті мемлекеттік органдар қажетті құжаттарды қарайды, заң талаптарының орындалуын тексереді. Тексеру заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер заң бұзушылықтар анықталса, оларды жою жөнінде нұсқама беріледі.
6-сұрақ. Тексерілетін субъектілердің қандай құқықтары бар?
Жауап: Тексерілетін субъектілердің мынадай құқықтары бар:
- тексерушілерден қызметтік куәліктері мен тексеруге қатысты құжаттарды көрсетуді талап етуге;
- тексеру кезінде өз өкілінің қатысуын қамтамасыз етуге;
- тексеру нәтижелерімен танысуға;
- мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттеріне шағымдануға;
- өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқылы.
7-сұрақ. Тексерілетін субъектілердің міндеттері қандай?
Жауап: Тексерілетін субъектілер тексеруге қатысты қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға, заңды талаптарды орындауға, тексеруге кедергі келтірмеуге және анықталған заң бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоюға міндетті.
8-сұрақ. Егер тексеру барысында заң бұзушылықтар орын алса, не істеу керек?
Жауап: Егер тексеру барысында заң бұзушылықтар орын алса, тиісті мемлекеттік органға немесе прокуратураға шағымдануға болады. Сонымен қатар тексерудің заңды негіздерін анықтап, өз құқықтарыңызды білу маңызды.
9-сұрақ. Мемлекеттік бақылаудың негізгі мақсаты қандай?
Жауап: Мемлекеттік бақылаудың негізгі мақсаты — заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, заң талаптарының сақталуын бақылау және анықталған заң бұзушылықтарды жоюға бағытталған шараларды қабылдау.








