Бүгін Қызылжар ауылдық округінде зейнеткерлерге арналған көшпелі заң көмегі ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында аға буын өкілдеріне құқықтық кеңестер беріліп, қажетті заң көмегі көрсетілді және сенімхаттарды рәсімдеуге жәрдем жасалды.
Мұндай бастамалар заң көмегінің қолжетімділігін арттыруға, зейнеткерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ өзекті құқықтық мәселелерді шешуге бағытталған.
Аға буынға қамқорлық көрсету және құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету – халықпен жұмыс істеудің маңызды бағыттарының бірі.






