КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ МАҚСАТТАН ТЫС ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация Комитеті кәмелетке толмағандар арасында дәрілік заттарды медициналық мақсаттан тыс пайдаланудың алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Дәрілік препараттарды, оның ішінде «Корвалол» препаратын масаңдық әсер алу мақсатында медициналық мақсаттан тыс пайдалану балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен өміріне елеулі қауіп төндіруі мүмкін.
Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында Департамент дәріханалық ұйымдардың басшылары мен фармацевтикалық қызметкерлердің назарын төмендегі талаптарды орындау қажеттігіне аударады:
🔹 дәрілік заттарды босату кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау;
🔹 дәріханалық ұйымдардың қызметкерлері арасында дәрілік препараттарды медициналық мақсаттан тыс пайдалануға жол бермеу жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
🔹 дәрілік заттарды босату кезінде қырағылықты арттыру және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды күшейту.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларының 3-тарауының 16-2-тармағына сәйкес балаларға дәрілік заттарды босатуға жол берілмейді.
Профилактикалық іс-шараларды жүргізу фармацевтикалық қызметкерлердің хабардарлығын арттыруға, дәрілік заттарды медициналық мақсаттан тыс пайдаланудың алдын алуға және балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғауға бағытталған.
#Дәрідәрмек #Фармация #ДСМ





