Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы фармацевтикалық субъект өкілдерімен онлайн семинар туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау облысының фармацевтикалық қызмет субъектілерімен семинар өткізді.
Семинарда қаралған мәселелер:
- Дәрілік заттарды медициналық емес мақсатта пайдалану мәселелері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларының талаптарын сақтау;
- Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек және көтерме сауда желісінде өткізу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу (күшті әсер ететін заттары бар (лирика, сомнол, тропикамид) дәрілік препараттарды рецептімен босату);
-Департаменттің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері туралы («Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру»);
Семинарда аталған мәселелер бойынша заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Семинар соңында қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауап берілді.




