ҮШЖАҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    1 / 4

    Жаңақорған ауданында аудан әкімінің орынбасары Нариман Үсенұлы Жакудаевтың төрағалығымен үшжақты әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның мәжілісі өтті.

    Мәжіліске Департамент мамандары Р. Әбдіраманов пен Ә. Рахатов қатысып, еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қатынастарын реттеуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

    Күн тәртібінде еңбек тәуекелдерінің алдын алу, өндірістік жарақаттану деңгейін төмендету, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау, жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген міндеттерді толық әрі сапалы орындауын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

    Жиынға аудан аумағында орналасқан кәсіпорындардың, шаруа қожалықтарының және мемлекеттік мекемелердің басшылары мен мамандары қатысты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті" жаңалықтары