Алматы қаласы Полиция департаментінде консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті.
Жиында екі негізгі мәселе қаралды. Олар уақытша ұстау изоляторлары мен полицияның арнайы қабылдау орындарының жай-күйі, сондай-ақ көші-қон саласындағы өзекті мәселелер.
Алғашқы мәселе бойынша арнайы мекемелердің жұмыс тәртібі, ондағы адамдарды ұстау жағдайларының белгіленген талаптарға сәйкестігі және мекемелер қызметін ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар көші-қон саласындағы өзекті мәселелерге назар аударылды. Бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізу және тиісті бөлімшелердің өзара іс-қимылын тиімді ұйымдастыру қажеттігі атап өтілді.
Отырыс қорытындысы бойынша алдағы жұмыстың басым бағыттары айқындалды. Қаралған мәселелер полиция бөлімшелерінің жұмыс тиімділігін арттыруға, ведомстволық бақылауды жетілдіруге және заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.









