Алматыда Қайрат Нұртастың концерті кезінде 3 мыңға жуық полиция қызметкері қауіпсіздікті қамтамасыз етті

    Алматыда Қайрат Нұртастың концерті кезінде 3 мыңға жуық полиция қызметкері қауіпсіздікті қамтамасыз етті

    Алматыда Қайрат Нұртастың мыңдаған көрермен жинаған ауқымды концерті өтті. Көрермендердің қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті және көлік қозғалысы легін 3 мыңға жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қамтамасыз етті.

    Негізгі күштер іс-шара өтетін аумаққа, оған іргелес көшелерге және негізгі көлік бағыттарына жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жол қозғалысын реттеді және туындаған жағдайларға жедел ден қойды.

    «Біз үшін кез келген бұқаралық іс-шара ең алдымен адамдардың қауіпсіздігіне деген жауапкершілік. Біздің міндетіміз – қала тұрғындары мен қонақтарының концертті алаңсыз тамашалап, үйлеріне қауіпсіз оралуын қамтамасыз ету. Сондықтан мұндай іс-шараларға дайындық алдын ала басталып, ықтимал тәуекелдер мен нақты нысанның ерекшеліктері ескеріледі», – деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Әділғожа Құсайынов.

    Сонымен қатар Қайрат Нұртастың концерті кезіндегі тәртіпті қамтамасыз ету – қала полициясының ауқымды жұмысының бір ғана мысалы.

    Алматы полициясы қала тұрғындары мен қонақтары көп жиналатын ірі мәдени, ойын-сауық және спорттық іс-шаралар, оның ішінде халықаралық және әлемдік деңгейдегі шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Бұл жұмыстың басты қағидасы өзгермейді: мереке мереке болып қалуы керек, ал азаматтардың қауіпсіздігі – басты басымдық.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары