ҚАРАҚИЯ АУДАНЫНДА БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ МЕН КІРІСТЕРДІ ҰЛҒАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    ҚАРАҚИЯ АУДАНЫНДА БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ МЕН КІРІСТЕРДІ ҰЛҒАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    Жансейіт Қайнарбаевтың төрағалығымен алдағы міндеттер мен қаржылық жоспарларды айқындауға арналған кезекті аудандық аппараттық жиналыс өтті. Маңызды жиынға аудандық мәслихат төрағасы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, сондай-ақ барлық мекеме мен бөлім басшылары және ауыл әкімдері толық қатысты.

    Аппараттық жиналыстың күн тәртібіне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін айрықша мәні бар екі негізгі мәселе енгізілді. Алғашқы мәселе ретінде бюджетке кіріс бөлігінің орындалуы және қосымша түсімдердің жай-күйі қарастырылды. Бұл бағыт бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Жансұлу Бабаева баяндама жасап, жергілікті бюджеттің кірістерін ұлғайту, қосымша қаржы көздерін анықтау және салықтық түсімдерді сапалы әкімшілендіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы егжей-тегжейлі хабарлады.

    Жиынның күн тәртібіндегі екінші мәселе аудандық бюджетті тиімді жоспарлауға арналды. Осы тақырып аясында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Айнагүл Жанайбаева сөз сөйлеп, қаржы ресурстарын оңтайлы бөлу, басым бағыттарды айқындау және бюджет каражаттарын нысаналы пайдалану тетіктерін баяндап берді. Баяндамалар аяқталғаннан кейін қатысушылар ортаға салынған мәселелерді кеңінен талқылап, сұрақтар қойып, өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдірді.

    Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Жансейіт Қайнарбаев айтылған әрбір ұсыныс пен пікірдің назарға алынатынын, олардың негізінде арнайы хаттама жасақталып, тиісті тапсырмалар мен бақылау шаралары белгіленетінін атап өтті. Аппараттық жиналыс өз деңгейінде өтіп, ауданның қаржылық-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған нақты міндеттерді айқындаумен аяқталды.

    Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарақия ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары