Атырауда республикалық волонтерлер слеті өтуде

    1 / 10

    Атырауда «Волонтерлік қозғалыс: бірлік, тәжірибе және тұрақты даму» тақырыбында республикалық волонтерлер слеті өтуде. Жиынға Астана, Шымкент қалалары мен Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау облыстарынан 35 жастан асқан және 50 жастан жоғары 100-ден астам күміс волонтер қатысты.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – күміс волонтерлер арасында тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету, өзара ынтымақтастықты нығайту, азаматтық белсенділікті арттыру және волонтерлік қозғалыстың тұрақты дамуына ықпал ету. Осы мақсатта слетке Грузиядан және еліміздің Астана, Маңғыстау, Ақтөбе өңірлерінен арнайы тренерлер шақырылды.

    Екі күнге жоспарланған слеттің алғашқы күні спикерлер мен еліміздің әр өңірінен келген волонтерлердің қатысуымен панельдік сессия өтті. Кездесу барысында волонтерлік қызметті дамыту, азаматтық белсенділікті арттыру және еріктілер қозғалысының тиімділігін күшейту мәселелері талқыланды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы" жаңалықтары