ЖУАЛЫ АУДАНЫНДА «ҚАУІПСІЗ ҮЙ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

    1 / 2

    2026 жылғы 5 қазан мен 5 қараша аралығында республика көлемінде өткізіліп жатқан «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жамбыл облысы Жуалы ауданында түнгі рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.

    Профилактикалық іс-шараға Жуалы аудандық пробация қызметінің, отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің инспекторлары, Жастар ресурстық орталығының және Отбасын қолдау орталығының мамандары қатысты.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрмысы қолайсыз отбасыларды анықтау және оларға қажетті қолдау көрсету, пробация есебінде тұрған азаматтар мен түзеу мекемелерінен босатылған адамдардың қоғамға бейімделуіне жәрдемдесу, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету.

    Рейд барысында азаматтармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша кеңестер берілді. Сонымен қатар мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында «FSM Social» қосымшасы арқылы тиісті жолдамалар рәсімделіп, жүргізілген жұмыстардың нәтижелері «Цифрлық бақылау» және «Цифрлық пробация» ақпараттық жүйелеріне енгізілді.

    Аталған іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға уақтылы көмек көрсетуге бағытталған.

    Осындай профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

    Қоғам қауіпсіздігі – ортақ міндет!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары