Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінде 9 айдың қорытындысы талқыланды

    1 / 2

    Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша кеңес өтті.

    Жиын барысында Департаментке қарасты мекемелер мен пробация қызметтерінің есепті кезеңдегі қызмет нәтижелері сараланып, негізгі жұмыс бағыттары бойынша атқарылған шаралар талқыланды.

    Кеңес барысында сотталғандарды ұстау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, режим талаптарын сақтау, тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстарды ұйымдастыру, сотталғандарды жұмыспен қамту, пробациялық бақылаудағы азаматтармен жүргізілетін жұмыстар, сондай-ақ қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар, қызмет барысында орын алған кемшіліктер мен проблемалық мәселелер талданып, оларды шешу және алдағы кезеңде жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша тиісті міндеттер айқындалды.

    Жиын қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар беріліп, белгіленген бағыттар бойынша жұмысты одан әрі жетілдіру қажеттігі атап өтілді.

    ҚАЖ жүйесінің негізгі міндеттерін сапалы орындау, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету және қызмет тиімділігін арттыру алдағы кезеңдегі басты басымдықтардың бірі болып қала береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары