Жаңа қалалық кітапхана ашылды

    1 / 7

    «Қайрат» шағынауданында оқу, білім алу және бос уақытты пайдалы өткізуге арналған жаңа қалалық кітапхана жұмысын бастады.

    Кітапхана қорында 10 мыңнан астам кітап бар. Мұнда қазақ, орыс және шет тілдеріндегі көркем, балаларға арналған, ғылыми-көпшілік және түрлі жанрдағы заманауи кітаптар ұсынылған.

    Келушілер үшін:

    — жайлы оқу залы

    — балаларға арналған аймақтар

    — компьютермен жұмыс істеуге арналған орындар

    — абонемент

    — кітапты өздігінен алып, қайтаруға мүмкіндік беретін «ақылды сөрелер» қарастырылған.

    Кітапхана Мемлекет басшысының «Оқитын ұлт» бастамасы аясында ашылды. Жаңа кеңістік тұрғындардың кітап оқуға қызығушылығын арттырып, білім мен мәдениетке қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған.

    Мекенжайы: Түрксіб ауданы, Кунаев ПК аумағы, 336/37

    Жұмыс уақыты: күн сайын 09:00-ден 20:00-ге дейін.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түрксіб ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары