«Таза Қазақстан»: Жетісуда табиғатты қорғау бағытында бірлескен рейд өткізілді

    1 / 2

    Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды сақтау бағытындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда.

    Осы мақсатта Ақсу ауданының Құрақсу көлдер жүйесінде Жетісу облысы Полиция департаментінің табиғат қорғау полициясы қызметкерлері Алакөл–Балқаш облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Қаратал балық инспекциясымен бірлесіп рейдтік іс-шара өткізді.

    Рейд барысында тұрғындарға табиғатты қорғау заңнамасының талаптары түсіндіріліп, су айдындарының тазалығын сақтау, балық ресурстарын қорғау және табиғи байлықтарды ұқыпты пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар азаматтарға ақпараттық жадынамалар таратылып, қоршаған ортаны ластауға және табиғи ресурстарды заңсыз пайдалануға жол бермеу жөнінде профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

    Полиция қызметкерлері табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.

    «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу және табиғи байлықтарды сақтау бағытындағы рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары