Бақылау объектілеріндегі өтініштер бойынша жағдай туралы

    2026 жылдың 9 айда коммуналдық объектілерді бақылау бағыты бойынша жеке және заңды тұлғалардан 2495 өтініш келіп түсті (2025 ж. 9 айда - 936).

    Жоспардан тыс тексерулер 92 өтініш бойынша немесе барлық өтініштердің жалпы санының 3,7% жүргізілді (2025 ж. 9 айда - 53 немесе 5,6%).

    Жоспардан тыс тексерулер жүргізу барысында 34 өтініш немесе тексерілгендердің санынан 37,0% расталды, 58 расталмады (2025 ж. 9 айда - 27 немесе 51,0%, расталмады - 26).

    Құзыреті бойынша қарау үшін басқа ведомстволарға 772 өтініш немесе 31% жолданды (2025 ж. 9 айда - 181 немесе 19,3%).

    Жоспардан тыс тексерулер жүргізу үшін негіздердің болмауына байланысты 1256 немесе 50,3% өтінішке жазбаша түсіндірмелер берілді (2025 ж. 9 айда - 35 немесе 3,7%).

    371 немесе 14,7% өтінішті қарау тоқтатылды (арыз берушілер кері қайтарып алды) (2025 ж. 9 айда - 40 немесе 4,3%).

    Зертханалық-аспаптық зерттеулермен 9 немесе 9,7% өтініш қаралды (2025 ж. 9 айда - 4 немесе 7,5%).

    Расталған өтініштердің сипаты: тұрғын үйлердегі жертөле үй-жайларын ұстауға, сұлулық салондарының, монша, сауналардың, бассейндердің хостелдердің қызметіне, лифт жабдықтарынан шыққан шу мен қоқыс жинауға арналған контейнерлік алаңдарды ұстауға.

    Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша 7 417 375 тг. сомасына 21 айыппұл (2025 ж. 9 айда - 6 763 040 тг. сомасына 22 айыппұл), 27 ұйғарым шығарылды (2025 ж.9 айда - 26); 4 материал сотқа берілді (2025 ж. 9 айда - 6); қызметке тыйым салу түрінде 13 жедел ден қою шаралары және 3 адамдарды жұмыстан уақытша шеттету түріндегі жедел ден қою шаралары шығарылды (2025 ж. 9 айда - 2 адамдарды жұмыстан уақытша шеттету түріндегі жедел ден қою шаралары шығарылды).

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары