ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІНДЕ JOLTAP ЖОБАСЫН ӨҢІРЛЕРДЕ ІСКЕ АСЫРУ МҮМКІНДІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    1 / 6

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде JOLTAP әлеуметтік жобасын еліміздің басқа өңірлерінде де іске асыру мүмкіндігі талқыланды. Кездесуге Министрлік өкілдері, JOLTAP жобасының жетекшісі Дана Жүнісова және Астана қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты. Кездесуде жобаның нәтижелері таныстырылып, оның тәжірибесін Қазақстанның басқа өңірлерінде қолдану жолдары қаралды. Бүгінде азаматтарды жұмыспен қамтуға және кәсіби дағдыларын дамытуға көмектесетін тиімді тәсілдерді зерделеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев JOLTAP жобасының жұмысымен танысып, Астанадағы оқу алаңдарын аралаған болатын.

    Жоба өкілдері азаматтарға қысқа мерзімде сұранысқа ие дағдыларды үйретіп, кейін жұмысқа орналасуына немесе өз ісін бастауына көмектесетін оқыту жүйесін таныстырды. Бағдарлама аясында жұмысшы мамандықтары мен цифрлық бағыттар бойынша білім беріледі. Қатысушылар тәжірибе жүзінде үйреніп, оқу аяқталғаннан кейін де жұмыс іздеу, еңбек нарығына шығу немесе кәсіп бастау кезінде қолдау алады. Кездесуде жобаны әр өңірдің ерекшелігіне қарай бейімдеу мәселесіне де назар аударылды. Ол үшін өңірдегі еңбек нарығының жағдайын, қандай мамандарға сұраныс бар екенін, қажетті дағдыларды, оқу орындары мен оқу алаңдарының мүмкіндіктерін және жұмыс берушілердің кадр даярлауға қатысуға дайындығын ескеру қажет.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары