2026 жылғы 12.10. сағат 10:00-де «MOI (МОЙ) страховой брокер» ЖШС бірлескен онлайн-оқыту өткізеді, тақырыбы: «2026-2027 жылдарға арналған сақтандыру шарттарын ұзарту тәртібін, рәсімдерін және мерзімдерін түсіндіру».
Оқытудың мақсаты:2026-2027 жылдарға арналған медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын уақтылы ұзартуды қамтамасыз ету.
Оқыту жоспары:
-Бірыңғай сақтандыру пулының интернет-платформасының (medpul.kz) функционалына оқыту.
-Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы ұзарту рәсімдерін қадамдық көрсету.
-Шарттарды ұзарту және сақтандыру жағдайларын реттеу тәртібі бойынша практикалық кейстерді талдау.








