1 / 5
2026 жылғы 20 қазан күні сағат 10:00-де «Түркістан жарық-тазалық» ЖШС-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындыларын жария талқылау жиыны өткізілді.
Жиынға «Түркістан жарық-тазалық» ЖШС-нің қызметкерлері толық құрамда қатысты.
Мәжіліс барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың алдын ала қорытындылары тиісті талдамалық анықтама негізінде қаралып, талқыланды.
Жиынның негізгі мақсаты – ұйым қызметіндегі ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, олардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігін арттыру.









