Бір аптада 50-ден астам құқық бұзушылық: ШҚО-да тазалықты сақтау жұмыстары жалғасуда

    Бір аптада 50-ден астам құқық бұзушылық: ШҚО-да тазалықты сақтау жұмыстары жалғасуда

    Бір апта ішінде Шығыс Қазақстан облысында абаттандыру қағидаларын бұзу және қоғамдық орындарды ластауға байланысты 50-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.

    Оның ішінде 45 адам абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін, тағы 5 адам қоғамдық орындарды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Сонымен қатар есепті кезеңде рұқсат етілмеген 7 қоқыс орны анықталды. Оның 5-еуі жойылды. Қалғандарын жою жұмыстары жалғасуда.

    Полиция қызметкерлері абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп келеді.

    Қоғамдық аумақтардың тазалығы әрқайсымыздың қоршаған ортаға ұқыпты қарауымызға байланысты. Тұрғындарды абаттандыру қағидаларын сақтап, ортақ пайдаланылатын орындарда тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырамыз.

    «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары