2026 жылғы 13 қазанда сағат 18:00-деАқсуат ауданыныңаумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Отырыс барысында 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыруға және өткізуге байланысты үш мәселе қаралды.
Бірінші мәселе бойынша комиссия Ақсуат ауданы мәслихат депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекітті.
Екінші мәселе аясында сайлау инфрақұрылымының жай-күйі қаралды. Атап айтқанда, сайлау комиссияларының құрамдары, сайлау округтері, олардың тізімдерін жариялау, сондай-ақ сайлаушыларды сайлау комиссияларының орналасқан жерлері туралы уақтылы хабардар ету мәселелері талқыланды.
Үшінші мәселе бойынша учаскелік сайлау комиссияларының жұмыс кестесі бекітілді.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды. Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етуге бағытталған алдағы ұйымдастырушылық іс-шараларды айқындады.
Ақсуат ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы









