Қазақстанның Тәуелсіздік күні - Қазақстан Республикасының басты ұлттық мерекесі. Бұл күн Қазақстанда жыл сайын 16 желтоқсанда атап өтіледі. "Қазақстанның Тәуелсіздік күнін" өткізу күні кездейсоқ таңдалған жоқ. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі Республиканың тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы посткеңестік кеңістіктегі өзінің мемлекеттік егемендігін жариялаған соңғы одақ болды.
Ақсуат ауданының барлық кандидаттары үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары
Ақсуат ауданының барлық кандидаттары үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары № Елді мекен атауы Үгіт баспа материалдарын орналастыру орындары 1 Ақсуат ауылы Байыс баба көшесі, 9, "Абай облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылының "Нұр Ақсуат" базары ғимаратының жанында; Қабанбай көшесі, 6/1, "Абай облысы Ақсуат ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында; Қабанбай көшесі, 27, "Абай облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылының "Мұрын Ана" саябағының жанында 2 Екпін ауылы Қ. Жанқайыров көшесі, 1, "Абай облысы Ақсуат ауданы Екпін ауылының тұрғыны Б. Қойбағаровтың жеке меншік "Балбөбек" бала бақшасының жанында 3 Ырғызбай ауылы Бейбітшілік көшесі, 17, "Абай облысы Ақсуат ауданы Жәнтікей ауылындағы "Нұртілеу" дүкенінің жанында; Бейбітшілік көшесі, 7, "Абай облысы Ақсуат ауданы Жәнтікей ауылындағы "Наурыз" дүкенінің жанында; Б.Сарсенов көшесі, 12, "Абай облысы Ақсуат ауданы Жәнтікей ауылының тұрғыны Ж. Төлендинаның жеке меншік "Балбөбек" бала бақшасының жанында 4 Көкжыра ауылы 7 квартал көшесі, 57, "Абай облысы Ақсуат аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Көкжыра ауылдық клубы ғимаратының жанында; 3 квартал көшесі, 32, "Абай облысы Ақсуат ауданы Көкжыра ауылындағы "Дидар" дүкенінің жанында 5 Құмкөл ауылы Қабанбай көшесі, 8, "Абай облысы Ақсуат аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Құмкөл ауылдық клубы ғимаратының жанында 6 Қызыл Кесік ауылы Үйрек ана көшесі, 2, "Абай облысы Ақсуат аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қызыл кесік мәдениет үйі ғимаратының жанында 7 Кіндікті ауылы Кенжалы би көшесі, 22, "Абай облысы Ақсуат аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Кіндікті ауылдық клубы ғимаратының жанында 8 Ойшілік ауылы Сасан би көшесі, 13, "Абай облысы Ақсуат аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ойшілік ауылдық клубы ғимаратының жанында 9 Сатпаев ауылы Ботай көшесі, 3, "Абай облысы Ақсуат аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Сатпаев ауылдық клубы ғимаратының жанында
Жарияланды:
Ақпарат
Абай облысы Ақсуат аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ
Абай облысы Ақсуат аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) 2026 жылғы 27 қазандағы сағат 18.00-гі жағдай бойынша № р/р Аты-жөні, тегі Туған жылы Жұмыс орны, лауазымы Тұрғылықты жері Кім ұсынды № 1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Рахимбаев Ержан Сарсенгалиевич 1990 «Ернұр» Ш/Қ , жұмысшы Абай облысы Ақсуат ауданы Ойшілік ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы 2. Турсынгазиев Ернур Турсынгазыевич 1990 " Бастау" Ш/Қ, жұмысшы Абай облысы Ақсуат ауданы Ойшілік ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы 3. Сырымбет Жақсылық Сырымбетұлы 1991 Абай облысы білім басқармасы Ақсуат аудандық білім бөлімі "Тоғас батыр атындағы орта мектебі" КММ, мұғалім , Абай облысы Ақсуат ауданы Ойшілік ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы 4. Бактияров Сунгат Серикбекович 1990 Абай облысы білім басқармасы Ақсуат аудандық білім бөлімі "Тоғас батыр атындағы орта мектебі" КММ, мұғалім Абай облысы Ақсуат ауданы Ойшілік ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы № 2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1. Амангелдин Еркебұлан Оралбекұлы 1998 Абай облысы білім басқармасы Ақсуат аудандық білім бөлімі "Сасан би атындағы орта мектебі" КММ, мұғалім Абай облысы Ақсуат ауданы Құмкөл ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы 2. Сейлханов Кайрат Мухтарович 1975 Абай облысы білім басқармасы Ақсуат аудандық білім бөлімі "Сасан би атындағы орта мектебі" КММ, мұғалім Абай облысы Ақсуат ауданы Құмкөл ауылы «Әділет» саяси партиясы» ҚБ № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1 Китатов Мади Миллатұлы 1992 «Ақсуат аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, статист Абай облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы 2 Екпін Ерсін Екпінұлы 1983 "Еркемай", ШҚ, төраға Абай облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы 3 Жанат Данияр Жанатұлы 1979 Абай облысы"Ақсуат ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ, директор Абай облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы 4 Оразгалиев Жандос Канатович 1986 Уақытша жұмыссыз Абай облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылы «Әділет» саяси партиясы» ҚБ 5 Рамазанова Мейржан Едилович 1995 ШҚО Тарбағатай ауданының мансап орталығы», бөлім басшысы Абай облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы № 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1 Сайлаубаева Лаура Тойшыбековна 1980 «Ақсуат аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, статист Абай облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы 2 Шукыжанов Айдын Нұртасович 1991 «Ақсуат» КММ, заңгер, Абай облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы 3 Қожахмет Есет Сансызбайұлы 1979 «Ақсуат» КММ, басшы Абай облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылы «Әділет» саяси партиясы» ҚБ № 5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1 Шаймұратов Тимур Шаймұратұлы 1992 "Аксуат" КММ, шебер Абай облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы 2 Дауылбеков Ерасыл Ермекұлы 1976 «Абай облысы білім басқармасы «Ақсуат колледжі» КММ, мұғалім Абай облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы 3 Байсадуов Ерік Серікұлы 1992 «Абай облысы білім басқармасы «Ақсуат колледжі» КММ, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абай облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы 4 Нұрбеков Руслан Қайратұлы 1991 "Ақсуат ауданының аңшылар бірлестігі» , директор Абай облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылы «Әділет» саяси партиясы» ҚБ № 6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1 Рамазанов Әкежан Еркінбекұлы 1995 «М.Имашев атындағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебі» КММ Абай облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, жаттықтырушы, Абай облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы 2 Қайненов Ерасыл Болатұлы 1994 Абай облысы білім басқармасы Ақсуат аудандық білім бөлімі "К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі" КММ, мұғалім Абай облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы 3 Жекебаев Кайырлы Жумашович 1989 «Абай облысы бойынша “Қазсушар” филиалы» ШЖҚ РМК, электромеханик., Абай облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы 4 Жұмат Қайыржан Серікұлы 1988 " Баркытбел несие" несие ұйымы ЖШС, заңгер Абай облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылы "Партия "Respublica" ҚБ 5 Демежанов Руслан Ерсинович 1985 «Ақсуат аудандық статистика бөлімі» ММ, маман Абай облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы 6 Турганбаев Ермек Маликович 1978 Уақытша жұмыссыз Абай облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы № 7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1 Бошаев Жанарбек Зиябекович 1972 «Ақсуат аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, Екпін ауылдық клубы, оператор Абай облысы Ақсуат ауданы Екпін ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы 2 Рахимбаев Дастан Кожаканович 1974 «Ақбадеш» ШҚ, төраға Абай облысы Ақсуат ауданы Екпін ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы Рахимбаев Руслан Кенесбекович 1971 Абай облысы білім басқармасы Ақсуат аудандық білім бөлімі "Ы.Кабеков атындағы орта мектебі" КММ, мұғалім Абай облысы Ақсуат ауданы Екпін ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы № 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1 Байдиндаев Ринат Танирбергенович 1986 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалының Ақсуат ауданының бөлімі, жетекші маман-техник Абай облысы Ақсуат ауданы Көкжыра ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы 2 Рамазанова Тогжан Рамазановна 1985 "Жастар ресурстық орталығы" КММ, хатшы Абай облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы 3 Сакпанбаев Бакытжан Уйсингазыевич 1988 «Көкжыра» ӨК, зоотехник Абай облысы Ақсуат ауданы Көкжыра ауылы Өзін - өзі ұсыну арқылы 4 Конекбаев Тилеукабыл Сакенович 1970 «Әділет » саяси партиясы» ҚБ Абай облысы Ақсуат аудандық филиалы, төраға Абай облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылы «Әділет» саяси партиясы» ҚБ № 9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1 Жылкайдаров Самат Нурбекович 1977 "Нурбек" ШҚ, төраға Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылы Өзін –өзі ұсыну арқылы 2 Алханова Динара Болатовна 1991 Абай облысы білім басқармасы Ақсуат аудандық білім бөлімі "Қожакелді батыр атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мұғалім Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылы Өзін –өзі ұсыну арқылы 3 Мұхтаров Рауан Қанатұлы 1994 «Сәтбаев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, статист Абай облысы, Ақсуат ауданы, Сәтбаев ауылы Өзін –өзі ұсыну арқылы 4 Искакова Гулше Даутбековна 1970 Ыргызбай ауылдық округінің ветеринарлық пункті, оператор Абай облысы, Ақсуат ауданы, Кіндікті ауылы Өзін –өзі ұсыну арқылы 5 Нурбекова Назым Аманкелдиновна 1972 Абай облысы білім басқармасы Ақсуат аудандық білім бөлімі "Қожакелді батыр атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мұғалім Абай облысы, Ақсуат ауданы Ақсуат ауылы «Әділет» саяси партиясы» ҚБ № 10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1 Сайлауғазы Жандос Қайратұлы 2000 Ыргызбай ауылдық округінің ветеринарлық пункті, меңгеруші Абай облысы, Ақсуат ауданы, Жәнтікей ауылы Өзін –өзі ұсыну арқылы 2 Кыдырбекова Балжан Ахановна 1989 "Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының Ақсуат аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны Жәнтікей дәрігерлік амбулаториясы, дәрігер Абай облысы, Ақсуат ауданы, Жәнтікей ауылы Өзін –өзі ұсыну арқылы 3 Аштаева Алмагуль Мухамедкаримовна 1973 "Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының Ақсуат аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны, бас дәрігер Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылы «Әділет» саяси партиясы» ҚБ № 11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1 Жаксыбаева Гульмира Муратовна 1989 «Қызыл кесік ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, іс- жүргізуші Абай облысы, Ақсуат ауданы, Қызыл Кесік ауылы Өзін –өзі ұсыну арқылы 2 Алимбаев Айкын Мекешович 1982 ҚР ІІМ зейнеткері Абай облысы, Ақсуат ауданы, Қызыл Кесік ауылы Өзін –өзі ұсыну арқылы 3 Каженов Ержан Нурланович 1978 Абай облысы білім басқармасы Ақсуат аудандық білім бөлімі "Би Боранбай атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, директор Абай облысы, Ақсуат ауданы, Қызыл Кесік ауылы Өзін –өзі ұсыну арқылы 4 Орингожин Медет Кариполлинович 1979 Абай облысы білім басқармасы Ақсуат аудандық білім бөлімі "Тана мырза атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мұғалім Абай облысы, Ақсуат ауданы, Қызыл Кесік ауылы «Әділет» саяси партиясы» ҚБ
Жарияланды:
Ақпарат
Интернет басылым ORTAQ IS
Жарияланды:
Ақпарат
Салтанатты жиын
25-қазан Республика күніне орай К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінде оқушыларды «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымдарына қабылдау, мектеп президенті мен парламент мүшелерін ұлықтауға арналған салтанатты жиын өтті. 🎉Салтанатты жиынның маңызды кезеңі мектеп президентін ұлықтау рәсімімен жалғасты. Оқушылардың таңдауы бойынша мектеп президенті болып сайланған Рауанқызы Алина көпшілік алдында ант қабылдап, өзіне артылған сенімді ақтауға және мектептің қоғамдық өміріне белсене атсалысуға ниетті екенін білдірді. Айта кетейік, оқушылардың сайлау мәдениетін қалыптастыруға, демократиялық құндылықтарды тәжірибе жүзінде танып-білуіне және азаматтық белсенділігін арттыруға қосқан бұл шара Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы жас сайлаушылар клубының қолдауымен бірлесе ұйымдастырылды. ✨ Бұл күн – жас ұрпақтың бойындағы көшбасшылық рухты оятып, ел алдындағы жауапкершілігін арттырған, бірлік пен отансүйгіштікті дәріптеген тағылымды күн болды. 🇰🇿 Бүгінгі жас ұлан – ертеңгі ел қорғаны, бүгінгі жас көшбасшы – болашақтың сенімді тірегі!
Жарияланды:
Ақпарат
АСК Қаулысы
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Ақсуат ауданының мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14-бабының 1), 2) тармақшаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 12 қазандағы №1521 «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлығының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/99 «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгілік күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысының негізінде Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясыҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Ақсуат ауданының мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. Осы қаулы Ақсуат ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын. Сайлау комиссиясының төрағасы Ғ.Закариянов Сайлау комиссиясының хатшысы Н.Ахметова 14.10.2026 01-03/27
Жарияланды:
Ақпарат
Хабарландыру
Хабарландыру Аудандық "Тарбағатай" газеті 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған аудандық депутаттарын сайлауына байланысты саяси партиялардың және бірмандаттық сайлау округтері бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін ұсынады. Материалдарды жариялау келісім шартқа қол қойылғаннан кейін басталады. Сайлауалды үгіт материалдарын жариялау газет көлемінің 1 ш.см. үшін 350 (үш жүз елу) теңгені құрайтынын хабарлайды.