Заңнамаға сәйкес электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету "электрондық үкімет"веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Мәселен, көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" порталы арқылы орналасқан жеріне (жұмыста, үйде және т. б.) қарамастан Интернет желісіне қолжетімділік болған кезде www.egov.kz Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш беруді жүзеге асыра алады. Бұл ретте мемлекеттік қызметті электрондық нысанда көрсетудің нәтижесі электрондық құжатты немесе қағаз жеткізгіштегі құжатты беру болып табылады.
Қызметті онлайн алу үшін ("электрондық лицензиялау" порталында WWWe.license.kz) авторлану және "онлайн қызметке тапсырыс беру" батырмасы бойынша өту, өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою қажет, берілген өтініштің мәртебесін Менің өтінішім бөліміндегі Жеке кабинетте бақылауға болады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш;
2) жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде оның кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі, қажет болған жағдайда жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу, Кодекстің 9-бабының 5-тармағына сәйкес кадастрлық (бағалау) құн арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні;
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық