ҰҚШҰ оқу-жаттығуы аясында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жер сілкінісінің салдарын жою әрекеттерін пысықтауда

    1 / 11

    Тәжікстанда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) жойқын жер сілкінісінің салдарын жою кезіндегі іс-қимылдарды пысықтауға бағытталған оқу-жаттығуларының екінші кезеңі өтуде. Оған Қазақстан ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы «Барыс» қызметінің құтқарушылары қатысуда.

    Оқу-жаттығу барысында қатысушылар авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, күштер мен құралдарды басқаруды ұйымдастыру, тапсырмаларды орындау кезінде бөлімшелердің өзара іс-қимылын үйлестіру дағдыларын пысықтауда. Іздеу-құтқару жұмыстарына, халықты қауіпті аймақтардан эвакуациялауға, зардап шеккендердің тіршілігін қамтамасыз етуге және гуманитарлық көмекті қабылдауды ұйымдастыруға ерекше назар аударылады.

    Қазақстандық құтқарушылардың халықаралық оқу-жаттығуға қатысуы кәсіби дағдыларды жетілдіруге, мемлекетаралық өзара іс-қимыл тетіктерін пысықтауға және түрлі ауқымдағы төтенше жағдайларға жедел ден қоюға дайындықты арттыруға мүмкіндік береді.

    Оқу-жаттығудың мақсаты – ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің құтқару қызметтерінің ауқымды төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде бірлескен іс-қимылдарға дайындығын арттыру.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" жаңалықтары