1 / 5
ТЖД-да азаматтық қорғау саласындағы волонтерлік ұйымдармен одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Төтенше жағдайлар департаментінде волонтерлік ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында одан әрі өзара іс-қимыл жасау және ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды.
Кездесу аясында тараптар ынтымақтастық туралы меморандумдарды қайта жасасып, әріптестік байланыстарды нығайтуға және төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою бағытындағы бірлескен қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа міндеттерді белгіледі.
Кездесуге қатысушылар бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, азаматтық қорғау саласындағы волонтерлік қозғалысты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.








