Қала күніне орай Қызылорданың сол жағалауында 168 пәтері бар 2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Мерекелік салтанатты рәсімге облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Құрылтайының дептутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Жанар Бимұратқызы, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.
Қазіргі уақытта сол жағалауға 25 мыңнан астам тұрғын қоныстанған. Мұнда 136 көпқабатты тұрғын үй, 20 әлеуметтік және 13 ірі бизнес нысаны орналасқан. Тағы 48 нысан салынып жатыр.
Аймақ басшысы екі ғасырлық тарихы бар Қызылорда топырағында ұлт қайраткерлері, Алаш арыстары тағдыршешті қадамдарға барып, болашаққа бағдар жасағанын атап өтті.
«Қаламыздың бүгінгі жаңаруы мен көркеюі – сол тарихи сабақтастықтың жалғасы. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым жаңғыртылып, заманауи нысандар ел игілігіне берілуде.
Өңір экономикасының қуатын арттыратын ірі инвестициялық жобалар жүзеге асып жатыр. Осындай игі шаралардың жалғасы ретінде бүгін тұрғын үй кезегінде тұрған жерлестерімізге 12 мың шаршы метр болатын 168 пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстаймыз.
Бүгін – Мемлекет басшысының қолдауымен баспаналы болып жатқан әрбір отбасы үшін айтулы күн. Меншікті үй – бұл тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенімнің кепілі. Жаңа шаңырақтарыңыздың босағасы берік, іші береке мен мерекеге толсын! Әрбір отаудан бүлдіршіндердің күлкісі естіліп, татулық салтанат құра берсін! Қоныстарыңыз құтты, ел іргесі берік, болашағымыз баянды болсын», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Жиында тұрғын үйлерді салған мердігер мекеме құрылысшылары облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
ҚР Құрылтайының депутаты Серік Салауатұлы, қоғам қайраткері Әріп Битілеуұлы құттықтау сөз сөйледі.
Кейінгі төрт жылда өңірде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 7 625 пәтер беріліп, 30 мыңнан астам адам баспаналы болды. Биыл жыл соңына дейін тағы 1 950 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған.
Сол жағалаудың жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жақында Иса Тоқтыбаев көшесінен осы шағын ауданға өтетін төрт жолақты жаңа автомобиль көпірінің құрылысы басталды.
Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
1 / 13
Ұқсас материалдар

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті
Қордай ауданының әкімдігіАшу
САРЫАҒАШ: ҚЫЗЫЛЖАРДАҒЫ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу
«ӨНДІРІСТІК ПАРК» ЕКІНШІ КЕЗЕҢДЕГІ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу
ХАБАРЛАНДЫРУ Теректі ауданының Қоғамдық кеңесінің 20-ші отырысын өткізу туралы
Теректі аудандық мәслихатыАшу
АРМАН АБДУЛЛАЕВ: ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу
"Шиелі ауданының әкімдігі" жаңалықтары

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
Шиелі ауданының әкімдігіАшу
Шиеліде күн-электр станциясы іске қосылды
Шиелі ауданының әкімдігіАшу
Аймақ басшысы Бәйгеқұм және Еңбекші ауылдарының тұрғындарымен кездесті
Шиелі ауданының әкімдігіАшу
Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
Шиелі ауданының әкімдігіАшу
Шиелі ауданының коммуналдық меншігіндегі мүлікті жекешелендіру туралы.
Шиелі ауданының әкімдігіАшу