1 / 4
Бүгін, 29 қарашада, елімізде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Бұл – еліміздің саяси өміріндегі маңызды науқандардың бірі әрі азаматтардың өңірлердің болашағына қатысты шешім қабылдауға қатысуының маңызды мүмкіндігі.
Мәслихат депутаттары – жергілікті халықтың талап-тілегі мен мүддесін білдіретін, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелерді көтеріп, шешім қабылдауға қатысатын өкілдер. Сондықтан әрбір азаматтың таңдауы ауданның, ауылдың және тұтас өңірдің болашағы үшін маңызды.
Осыған орай Шиелі ауданында сайлау учаскелерінің жұмысы таңғы сағат 07:00-де басталмақ. Аудан бойынша барлығы 41 сайлау учаскесі жұмыс істеп, тіркелген 50 432 сайлаушының дауыс беруіне барлық жағдай жасалған.
Айта кетейік, сайлау учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








