Астана, 2026 жылғы 13 қазан – Еліміздің астанасында Қазақстан мен Литваның сыртқы саяси ведомстволары арасында кезекті саяси консультациялар өтті.
Қазақ делегациясына Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов, ал литвалық делегацияға Сыртқы істер вице-министрі Криступас Вайтекунас жетекшілік етті.
Консультациялар барысында дипломаттар саяси диалогты, сауда-экономикалық өзара іс-қимылды және мәдени-гуманитарлық байланыстарды қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.
Инвестициялық ынтымақтастық пен көлік-логистикалық байланыстарды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, тараптар Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия мен Қазақстан-Литва іскерлік кеңесінің қызметін қарастырды.
Көлік инфрақұрылымын және Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында А. Исетов литвалық компанияларды осы бағыттың техникалық мүмкіндіктерін кеңейту және цифрлық жағынан нығайту жобаларына қатысуға шақырды.
Тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты және көпжақты форматтар мен халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды одан әрі жалғастыруға дайындығын растады.
Литваның Еуропалық Одақ Кеңесіне алдағы төрағалығы қарсаңында ( 2027 ж. қаңтар-маусым) Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары да қарастырылды.
Консультациялардың қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты кең ауқымды бағыттар бойынша одан әрі нығайтуға бейілді екендіктерін растады.









