2026 жылғы 8 қазанда Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Алматы қалалық Ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Қарттар күні мен бір айлығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекеде 170-тен астам құрметті қонақтың басы қосылды, олардың қатарында Алматы қаласы Ардагерлер кеңесінің өкілдері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері және еңбек майданының ардагерлері бар.
Кездесудің басты кейіпкерлері үшін жарқын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Қазақстан эстрадасының жұлдыздары өз өнерлерімен қонақтарды тәнті етті. Жиында жүректен шыққан жылы құттықтаулар айтылып, мерекелік атмосфераны думанды әндер, серпінді билер мен ерекше шығармашылық нөмірлер толықтыра түсті. Ардагерлер үшін кең дастарқан жайылып, мереке соңында әрқайсысына естелік сыйлықтар табыс етілді.
Үлкен буынға қамқорлық жасау - бәріміздің қасиетті ортақ парызымыз. Біз аға буынға шексіз алғысымызды білдіріп қана қоймай, олардың белсенді ұзақ өмір сүруіне, жан тыныштығы мен қызу араласуына барлық жағдайды жасауға ұмтыламыз. Өткен іс-шара қарттарымызға көңіл көтеріп, жайлы да жылы ортада уақыт өткізуге және бір-бірімен емен-жарқын тілдесуге тамаша мүмкіндік сыйлады.









