ЗЕЙНЕТАҚЫ: бүгінде зейнетақы төлемдері қалай тағайындалады?

    Қайырлы күн Ақтөбе облысының тұрғындары!

    Бүгін зейнетке шығуға дайындалып жүрген адамдар білуі керек бір маңызды мәселе туралы қысқаша айтып өткім келеді.

    Қазір зейнетақы қызметтері барынша электронды форматқа көшіріліп жатыр. Зейнетақы төлемдерін тағайындауға eGov порталы арқылы өтініш беруге болады. Сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, қызметті тікелей алуға мүмкіндік бар. Ал кейбір жағдайларда төлемдер азаматтың өтінішінсіз, проактивті түрде де тағайындалады.

    Бірақ бұл зейнетке шығуға алдын ала дайындалудың қажеті жоқ дегенді білдірмейді.

    Керісінше, мен азаматтарға осы мәселені алдын ала қолға алуға кеңес беремін. Еңбек өтіліңізді, жұмыс істеген кезеңдеріңізді, табыстарыңыз туралы мәліметтерді тексеріп алған дұрыс. Егер қандай да бір қате немесе толық емес мәлімет анықталса, оны зейнетке шығар уақытқа қалдырмай, тиісті мемлекеттік органға алдын ала жүгініп, құжаттарды нақтылап алған жөн.

    Ал зейнетақының өзіне келсек, ол бірнеше бөліктен тұрады.

    Базалық зейнетақы төлемі бұл мемлекет төлейтін төлем. Оның мөлшері, соның ішінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты.

    Ынтымақты зейнетақы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі мен сол кезеңдегі табысқа байланысты төленетін зейнетақы.

    Ал Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін қаражат бұл сіздің зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтарыңыз.

    Сондықтан менің кеңесім өте қарапайым: зейнетке шығатын күнді күтпей, өз мәліметтеріңізді алдын ала тексеріп алыңыздар.

    Сонда зейнетақы төлемдерін тағайындау да жеңілірек өтеді, артық әуреге түсіп, соңғы сәтте құжат іздеудің қажеті болмайды.

    Ал біздің міндетіміз бұл мемлекеттік қызметтің азаматтар үшін түсінікті, уақтылы әрі ыңғайлы болуын қамтамасыз ету.

    Назарларыңызға рақмет!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті" жаңалықтары