Шортанды кентінде тұрғындармен есептік кездесу өтті

    1 / 6

    Шортанды кентінде тұрғындармен кезекті есептік кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – кенттің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін талқылау, атқарылған жұмыстардың нәтижелерін баяндау және алдағы кезеңге арналған жоспарлармен бөлісу.

    Кездесу барысында кенттің инфрақұрылымын дамыту, жолдардың жағдайы, абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сумен жабдықтау және басқа да тұрғындарды толғандыратын мәселелер қаралды. Сонымен қатар, кенттің дамуына қатысты алдағы жоспарлар мен атқарылатын жұмыстар туралы айтылды.

    Кездесу ашық форматта өтіп, тұрғындарға өздерін толғандырған сұрақтарын қоюға және ұсыныс-пікірлерін білдіруге мүмкіндік берілді. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер тыңдалып, тиісті түсініктемелер берілді.

    Кездесу қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелер назарға алынып, оларды шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізу қажеттігі атап өтілді. Тұрғындармен тұрақты байланыс орнату және өзекті мәселелерді бірлесіп шешу жұмыстары жалғасады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шортанды ауданының әкімдігі" жаңалықтары