Құқық бұзушылықтардың алдын алу және табиғатты қорғау: Кербұлақ ауданы полициясының жұмыс қорытындысы

    1 / 2

    Кербұлақ ауданында полицияның 2026 жылдың тоғыз айындағы жедел-қызметтік жұмысының қорытындысы шығарылды.

    Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары атқарылған жұмыстар туралы есепті тыңдап, қылмыстарды ашу, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.

    Бұл бағытта учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналды полиция қызметкерлері маңызды рөл атқарады. Олар халықпен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп, профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырады, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың құқықтарын қорғау бойынша тиісті шаралар қабылдайды.

    Қоршаған ортаны қорғау мәселесіне де ерекше көңіл бөлінуде. Есепті кезеңде полиция қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 151 дерегін анықтады.

    Кеңес қорытындысы бойынша полиция жұмысының тиімділігін арттыру, профилактикалық шараларды күшейту және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында алдағы міндеттер айқындалды.

    Басты басымдық – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң бұзушылықтарға дер кезінде ден қою.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары